Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2651 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 11:15

Ресейде асқазанына гашиш жұтып тасымалдаған үш қазақстандық ұсталды

Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстанның үш азаматы арнайы контейнерлерге салынған 2 кг-ға жуық гашиш есірткісін асқазандарына жасырып тасымалдаған. Оларды өткен сейсенбіде Ресейдің Уральск көлік милициясы қолға түсірді. Бұл туралы Ресей ІІМ Уральск федералды округы (УрФО) бойынша көліктегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мәскеу - Новый Уренгой» бағытындағы №110 жолаушылар поезымен есірткінің ірі партиясын тасымалдау туралы ақпарат алған тәртіп сақшылары Қазақстанның 3 азаматынан құралған қылмыстық топ келе жатқан №8 вагонды тексерген», - делінген ақпаратта.

Ресейдің көлік милициясы таратқан мәліметтерге сәйкес, 24, 28 және 30 жастағы жұмыссыз азаматтар есірткіні асқазандарына жасырып тасымалдаған есірткі курьерлері қызметін атқарған.

«Ұсталғаннан кейін олар (қазақстандықтар - ҚазТАГ) теміржол вокзалының медициналық бекетіне жеткізілді, сол жерде олар әрқайсысының асқазанында есірткі заты салынған 100 контейнер бар екенін мойындаған. Медициналық куәландыру күдіктілердің сөздерін дәлелдей түсті, олардың асқазан-ішек жолдарынан 2 кг-ға жуық гашиш шықты», - деп нақтылайды милиция ведомствосының баспасөз қызметі.

Көлік милициясы өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары қамауға алынды. РФ ҚК 228 бабы (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей заңнамасына сәйкес, фигуранттың әрқайсысы 8-ден 20жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, олар жазаларын РФ колонияларында өтейді, сондай-ақ, 1 млн рубль көлемінде айыппұл төлеуге де міндеттелуі ықтимал, делінген ақпаратта.

Ресей милициясы тәркіленген ессірткінің қазақстандық па, әлде федерация аумағында сатып алынғанын нақтыламай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377