Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Ұят-ай! 8718 31 пікір 2 Қаңтар, 2018 сағат 16:33

Мырзатай керемет «қырағылық» танытты

Республикалық телеарнадан әнші, күйші, термешілердің «Мен қазақпын» конкурсын қарап отырғанмын. Бір кезде сахнаға Бауыржан деген жас жігіт шығып, домбырамен Манарбек Ержановтың «Паравоз» әнін мәнеріне келтіріп, керемет орындап шықты.

Бауыржанның талантын жюри төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мойындай отырып, үлкен саяси қырағылық танытты. Қырағылығы сол – әлгі әнде «Бастаған компартия елімізді» деген сөз бар екен. Сондай сөзі бар әнді орындаған саяси сауатсыздығы үшін Бауыржанның келесі турға өте алмайтындығын «сыпайылап» жеткізді. Шынында да өтпеді.

Масқара! Осы кезде менің көз алдыма талай айтылып, жазылып жүрген 37-жыл елестеді. Сол кезде де осылай тырнақ астынан кір іздемейтін бе еді? Әйтпесе Мырзекеңнің өзі сол партияның ұлттық саясатының арқасында тегін білім алып, «адам» болған жоқ па? Ешкімге пара бермей-ақ үлкен лауазымды қызметтерге қол жеткізді. Тіпті Елбасымыздың өзі Қазақстан Компартиясын басқарып тұрғанының арқасында Президентікке қол жеткізді ғой. Ендеше Мырзекең компартия деген сөзден неге соншалықты шошынды?Оның үстіне, Манарбек Ержановтың «Паравоз» әніне әншінің өзгеріс енгізуге қақы жоқ. Солай екен деп бір сөзге бола керемет әнді күресінге лақтыра салмақпыз ба? Олай болса, кеңестік кезде жазылған Мырзекеңнің барлық шығармаларын қажетсіз деп, ысыра салайық. Кеңестік жүйе кезінде жазылған, сол кездің идеологиясын насихаттаған барлық туындылардың көзін құртайық, онда...

Бір сөзге бола саяси астар беріп, талантты жігіттің жолын байлаудың қажеті қанша еді? Әншінің әншілігі, өнері бағаланбай, саясат өнерге араласса, көсегеміз көгерген екен. Әй, Мырзекем-ай, ата сақалың аузыңа түскенде жюри төрағалығына таласпай-ақ, үйіңде тыныш жатсаң қайтер еді?..

Т. Қойшығұлов

Abai.kz

 

31 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5949