Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
5252 0 пікір 4 Қаңтар, 2018 сағат 08:35

Өзбекстанда облыстар арасында 54 МАИ бекеті мен блокпостар жойылды

Өзбекстан ІІМ елде облыстар арасындағы жол-патрульдік қызметінің 54 бекеті мен блокпостардың жойылғанын хабарлады.

22 желтоқсанда ел президенті Шавкат Мирзияев парламентте сөйлеген сөзінде облыстар арасындағы МАИ бекеттері тұрғындардың және туристердің еркін қозғалуына кедергі келтіреді деп сынға алған болатын.

Кейін ішкі істер министр Пулат Бабажанов БАҚ-қа берген сұхбатында облыстар арасында 133 бекет барын, олардың 60-сы МАИ бекеті және 73-і стационарлық бақылау бекеті екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1131
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1568