Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
4506 2 пікір 4 Қаңтар, 2018 сағат 08:40

Украина соты Саакашвилиді босқын деп танудан бас тартты

3 қаңтарда Киевтің аймақтық әкімшілік соты Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының лидері Михаил Саакашвилиді босқын деп танудан бас тартты.

Аймақтық әкімшілік соттың шешіміне қарсы шағымдануға мүмкіндік бар. Саакашвили адвокаттары қарсы арыз беретіндерін мәлімдеді.
Саакашвили миграциялық қызметті өзін босқын деп танудан бас тартқаны үшін сотқа берген.

Грузия азаматтығынан айырылған осы елдің бұрынғы президентін Грузияға экстрадициялау қаупі тұр. Онда оған қарсы бірқатар қылмыстық істер қозғалған. Украина да Саакашвилиден азаматтықты айырды. Бірақ ол биліктің бұл шешімін мойындамайды.

Киевтің апелляциялық соты прокуратураның Саакашвилиді қамауға алу туралы шағымын қарауды 11 қаңтарға шегерген. Украина прокуратурасы Саакашвили жетекшілік ететін наразылық шаралары Ресейдің Украинаға қарсы қастандығы деп біледі. Саакашвили болса, бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1124
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1558