Бүгін не нәрсеге шүкіршілік етесіз?
Ертеде байлығы тасқан, өркөкірек бір патша өмір сүріпті. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң салуы керек екен.
Бір жолы жас күңдердің бірі әлгі патшаның төсегін салып болып, қатты қызығушылығы артып, патшаның төсегіне жатып көрмек болады. "Патша келсе атып тұрармын" деген күң жатқан бойы ұйықтап кетеді. Жатын бөлмесіне келген патша төсегінде ұйықтап жатқан күңді көріп қатты ашуланады.
Ал ұйқысынан оянған күң күліп тұрады. Таңырқаған патша: "Неменеңе жетісіп күлесің?" десе, күң: "Алдияр тақсыр, мен төсегіңізге бір рет жатып көрейінші деп сонша таяқ жеп жатырмын. Ал сіз бұл мамық төсекте күнде ұйықтайсыз. Алла тағала сізді жауапқа тартса қалай жауап берер екенсіз. Таяқ жеудің көкесі сонда болар-ау деген ой келді" деп жауап береді. Оны естіген патша Ибраһим ибн Әдхам қатты ойланып, соңында тақуалыққа бет бұрыпты деседі...
Бүгін жылы үй, мамық төсек үшін Аллаға шүкіршілік айтамын. Әрі Алладан осының бәрі үшін сұрағымыздың жеңіл болуын тілеймін!
Сіздер ше? Бүгін не нәрсеге шүкіршілік етесіз?
Марфуға Шапиян
Facebook-тегі парақшасынан