Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3693 0 пікір 8 Қаңтар, 2018 сағат 08:32

Иран парламенті еліндегі ереуілді жабық талқылады

epa06414810 Iranians walk at a street next to the pictures of Iranian late supreme leader Ayatollah Ruhollah Khomeini and current Iranian supreme leader Ayatollah Ali Khamenei, Tehran, Iran, 03 January 2018. Media reported that after several days of ongoing anti-regime protests in Iran, the country's Islamic leadership has now organized rallies nationwide. According to state television IRIB, hundreds of thousands took to the streets to demonstrate their support for the regime. EPA-EFE/ABEDIN TAHERKENAREH

Иран парламенті 7 қаңтарда үкіметке қарсы наразылық акциясын жабық есік жағдайында талқылады. Онда жаппай тәртіпсіздіктің себебін қараған.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сессияға Иранның ішкі істер министрі мен Қауіпсіздік кеңесі қатысу керек болған.

Сонымен бірге күн тәртібінде реформашыл депутаттардың ереуіл кезінде қамауға алынған қатысушыларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі өтініштері болған.

Билік үкіметті қолдайтын митингті бес күн бойында жалғастырды. Бұл Иранның барлық мемлекеттік арналарында толықтай көрсетілді.

Мемлекеттік БАҚ билікке қарсы наразылық шаралары толығымен аяқталды деп ақпарат беріп жатқанымен, Азаттық радиосының сенімді дереккөзіне қарағанда, 6 қаңтарда Иранның Тегеранды қосқанда кемінде он қаласында митинг жалғасқан. Әлеуметтік желілерде полицияның көптігіне қарамастан акциялар өтіп жатқаны кең таралды.

Азаттықтың парсы қызметіне ("Фарда" радиосы) Такестан, Эрак, Солейман, Мешхед, Казвин, Решт, Лахиджан және Хомейнде түнгі демонстрациялар өткені жөнінде ақпараттар келді. Хомейн Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейнидің туған жері.

Жаппай ереуіл кезінде кемінде 22 адам қаза тауып, 1700-ден астамы қамауға алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053