Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3709 0 пікір 9 Қаңтар, 2018 сағат 09:34

Өзбекстан: мұғалімді "конституциялық құрылымға нұқсан келтірді" деп айыптады

Өзбекстанда мұғалім әрі экономист Хает Насреддиновке конституциялық құрылымға нұқсан келтірді деген айып тағылды. Бұл туралы 6 қаңтарда AsiaTerra басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Тағылған айыптар дәлелденсе, мұғалім 10 жылдан 20 жылға дейін сотталады. AsiaTerra басылымының хабарлауынша, оған айып таққан соң Насреддинов пен журналист Бобомурод Абдуллаевтың қылмыстық істерін біріктіруі мүмкін.

Бұған дейін Абдуллаев пен Насреддиновты беттестірген. Сонымен бірге, екеуі де (бәлкім, қысымнан) тәуелсіз адвокат қызметінен бас тартқан.

Насреддинов соңғы жылдары ташкенттік мектепте экономика пәнінен сабақ беріп жүрді. 2010 жылдан бері ол Азаттық Радиосы үшін отыздан астам авторлық бағана жазған. 2012–2013 жылдары шетел баспасөзіне сұхбаттар берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053