Зейнетақы қорындағы ақша мұрагеріне қайтарылуы керек
Жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша - бұл біздің маңдай терімізбен тапқан ақшамыздың бір бөлігі.
Оны үкімет "сендерге қаартайғанға дейін сақтап, көбейтіп беремін" деп бізден еріксіз тартып алып отыр. Логика бойынша бұл ақшаны үкімет қандай жағдайда да иесіне, өліп қалса оның мұрагерлеріне қайтарып беруге тиісті! Қазіргі заң солай ма? Олай болмаса солай болуын талап етуіміз керек, күресуіміз қажет!
Әлеуметтік зейнетақының жөні бөлек - ол бюджеттен алынады. Ал бюджет - салықтан да, қазба-байлықтарды сатудан да құралады. Ал жинақтаушы зейнетақы - адамның таза жалақысынан жиналады.
Ақан Жаханұлы
Facebook-тегі парақшасынан