Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7153 0 пікір 27 Желтоқсан, 2010 сағат 06:51

Өзбекстанда мемлекеттік рәміздерді коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынды

Ташкент. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – «Мемлекеттік рәміздер туралы Өзбекстан Республикасының кейбір заңдарына және әкімшілік жауапкершілік туралы Өзбекстан Республикасының Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік рәміздерді коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланды.

Заңды олий мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) қарашаның аяғында қабылдап, сенат желтоқсанның басында мақұлдады. Заң жарияланған күннен бастап күшіне енді.

«Бұл заң осы саладағы олқылықтарды толтыру үшін, мемлекеттік рәміздерді пайдалануды реттейтін, оны коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салумен, сондай-ақ бұл заңды бұзғандарға әкімшілік жаза қолдау мәселесін реттеу үшін қабылданды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өзбекстан Конституциясының 5-ші бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздерге ту, елтаңба мен ел әнұраны жатады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1026
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 680