Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3732 0 пікір 28 Желтоқсан, 2010 сағат 05:48

Алматыда тонаушылар жұмыссыз адамнан $150 мың ақшасы бар қол кобдишасын тартып алды

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ - Дүйсенбі күні тонаушылар алматылық 48 жасар жұмыссызға шабуылдап, одан $150 мың. (Т22,2 млн) тонап кетті, деп құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

«Тонаушылар біреудің сілтемесі арқылы ұрлық жасаған сияқты», - дейді дереккөз.

Оның айтуынша, қылмыс Алматының Алмалы ауданында, Жамбыл және Шәріпов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты бір үйдің подъезінде сағат 16 мен 17 аралығында орын алған.

«Оның қолындағы ақшасы бар қобдишаны кенет шабуыл жасаған жастары 30-35-терден аспайтын үш азамат тартып алған», - деді құқық қорғау органынан.

Нақтыланбаған дерек бойынша, ұрланған ақша жеке меншік үйді сатудан түскен қаражат болса керек.

Оқиға туралы хабар «102» қызметіне тонаушылықтан соң 20 минуттан кейін келіп түскен.

Шұғыл түрде ұйымдастырылған сол жердің маңайын сүзіп шығу шарасы нәтиже бермеді.

Полициядағылар күдіктілерді анықтап, оларды іздестіру үшін арнайы топ құрылғанын жеткізді.

Осы күні Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» ықшамауданындағы көпқабатты бір үйді ұрылар тонап, жұмыссыз әйелден $20 мың ақшасын әкеткен.

Сондай-ақ Розыбакиев көшесінде тонаушылар әйелден $27 мыңнан астам ақшаны тонап кеткен.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048