Ілияс Есенберлин. "Шыңғыс ханның тегі - Қазақтың Адайы"
Кешегі Кеңес заманында Қазақтың шынайы тарихын айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Қазақтың ежелгі шежіре-тарихын хатқа түсірген Шәкәрім қажы Кеңес үкіметі жендеттерінің қолынан опат болып, еңбектерін оқуға да, Шәкәрімнің атын атауға да тыйым салынды. Кенесары хан тарихы және т.б. еңбектері үшін Ермахан Бекмаханов сияқты тарихшы-ғалымдар ұзақ жылдарға сотталып, жер аударылды. Міне осындай жағдайда, халқымыздың аяулы ғұлама-ғалымдары шынайы тарихты «жасырын кодпен» жариялауға мәжбүр болды. Мына төмендегі дерек, осы айтқанымның айғағы болмақ.
Шыңғыс қағанның тегі Қазақ, Адай ұрпағы екендігін, ұлы бабамыз құрған Алтынорданы жеріне жеткізе зерттеп, өзінің әлемге әйгілі «Алтынорда» атты тарихи роман - трилогиясын жазған тарихшы-ғалым Ілияс Есенберлин атамызда өз еңбегінде, тайға таңба басқандай етіп жазып кетіпті. Мысалы, осы романның жиырмасыншы бетінде «Алдымен, атамыз Шыңғысханға Маңғыстау шешеңнің не дегенін білесіңбе, білмесең айтайын...» деген сөз тіркестерін қолданған. Әрине, ол заманда Шыңғысханды менің атам деу, басыңды көре тұра өз еркіңмен дар ағашының тұзағына тыққанмен бірдей екендігі сөзсіз. Атамыз шамасы, заман мәңгі бақи осылай тұрмас, қазақ елінің де тәуелсіздікке қолы жетіп, өз қолы өз аузына жететін кезі келер, сан миллиондаған қазақ азаматтарының арасынан менің осы сөзімнің мағынасын түсінетін азаматтар табылар деп үміт артқаны сөзсіз. Ата үмітіңіз ақталды. Мен міне, сіздің «Маңғыстау шешеңнің» деген сөзіңізді «Адай Атаңның» деп оқып отырмын.
Сол сияқты осы кітаптың 27 бетінде Шыңғыс ханның немересі Бату сөзімен ...«Әкеміз ең алдымен Ордасын Қыпшақ даласының тең ортасы ата мекен Ұлытаудың іргесіне, Сарыкеңгір өзенінің бойына тікті» дейді.
Ілияс Есенберлин (1915-1983), қазақтың әйгілі тарихшы ғалымы, «Алтын» Орда трилогиясы, «Көшпенділер» трилогиясы т.т. көптеген тарихи еңбектердің авторы. Өткен жылы «Алмас Қылыш» атты кітабының желісінде «Қазақ хандығы» атты көп сериялы көркем фильм түсірілді.
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау
Abai.kz