Тәжікстанда 100-ден астам әнші салық комитетінің "қара тізіміне" ілікті
Тәжікстанның Салық комитеті 100-ден астам әнші, сазгер және бишіні салық төлеуден жалтарды деп отыр. Мекеменің 23 қаңтарда таратқан хабарламасында эстрада жұлдыздарының барлығы патентсіз тойлар мен кештерде өнер көрсетіп, концерт беретіні айтылған.
Бұрын өнер адамдары патент алатын, бірақ кейін оның аса қажеті деп шешкен, дейді салық жинаушылар.
2013 жылдың қаңтарынан бастап отандық шоу-бизнес өкілдері бюджетке ай сайын 540 сомони (60 доллардан астам) төлеуі керек. Бұған дейін әртістердің салығы табыс мөлшеріне байланысты болған. Бірақ бірқатары табысын жасыратын болғандықтан, патент енгізілген.
Салық комитетінің "қара тізімінде" 102 әртіс бар. Олардың арасында тәжік эстрадасының жұлдызы Шабнами Сурайё, Садриддин Нажиддин, Мехрнигори Рустам, Суруш Холов, Пенжи Анаев, Сафаргул Юсуфова, Сарвиноз Юсуфи, Фахриддини Малик бар.
Салық комитетінің ақпараты бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарында салық органдарында 1512 әнші, сазгер, биші, мәдени ойын-сауық кештерін ұйымдастыру, дыбыс режиссері және оператор тіркелген. Бір жыл бұрын 2240 адам патент алған еді, деп хабарлады салықшылар.
Abai.kz