Қамаудағы қырғыз оппозиционері Текебаевқа ауруханада тексерілуге рұқсат берді
Қырғызстандағы оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевқа түзеу мекемесінен уақытша шығып, Бішкектегі ауруханалардың бірінде тексеруден өтуге рұқсат берді.
Бұл туралы Жазалау мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы Элеонора Сабатарова хабарлады. Оның айтуынша, Текебаевтың қайда - түзеу мекемесінде немесе ауруханада емделетіні анықталып жатыр.
"Жақында оны кардиолог пен эндокринолог қарады. Олар арнайы аппараттарда тексеруден өту керектігін айтты. Қажет болған жағдайда, ол қарауылдың көмегімен ауруханада емделе алады", - деді ол.
11 қаңтарда шамамен 10 депутат бұрынғы әріптесін ауруханада қаралуын сұрады. Саясаткер қан қысымы жоғары екенін айтқан.
Еске салайық, «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елші Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы ақпанда ұсталды. Оларға ресейлік кәсіпкерден аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.
16 тамызда Бішкектегі Первомай аудандық соты оларды 8 жылға колонияға қамап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Бішкек қалалық соты, Жоғарғы сот үкімді күшінде қалдырды.
Abai.kz