Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3422 0 пікір 5 Қаңтар, 2011 сағат 07:25

Руслан Меделбек. Спорттық күнтізбе - 2011

Жаңа жыл. Жаңа дода. Жаңа бағыт. Өткен жылы Ванкувер Олимпиадасы,  Гуанчжоудағы Азия ойындары біз үшін сәтті аяқталды. Әлемдік сыннан 3 алтын, 2 күміс, 6 қола иелендік... Енді, міне, жаңа жылдың жаңа парағы ашылып отыр. Алда бүкіл Алаш күткен Азиада... Кейін басқа да дүбірге толы додалар бар. Бастысы, Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласқа түсеміз. Ендеше, 2011 жылы әлем көз тігер әлемдік додаларға шолу жасап көрейік...

Шаңғы спорты. Әлем чемпионаты. Осло. Норвегия. 24 ақпан-6 наурыз

Осло төрінде бірінші кезекте Алексей Полтараниннің жолына үлкен үмітпен қараймыз. Әлем кубогы кезеңдерінде атой салған Алексей сағындырған бір жүлдені қоржынға салар, бұйырса... Ал тұғырдан секіруден Радик Жапаров, Алексей Королев және Никлай Карпенконы финалан көрсек, үлкен жетістік.

Биатлон. Әлем чемпионаты. Ханты Мансы. Ресей. 3-13 наурыз.

Ванкуверде сәтті өнер көрсеткен Елена Хрусталева бұл сында өз жетістігін қайталаса...

Коньки. Әлем чемпионаты. Инццель. Германия. 10-13 наурыз.

Өткен жылы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ топ жарған Екатерина Айдованың ересектер арасындағы сыннанда жүлде алар сәті жетті.

Мәнерлеп сырғанау. Токио. Жапония. 23-26 наурыз

Жаңа жыл. Жаңа дода. Жаңа бағыт. Өткен жылы Ванкувер Олимпиадасы,  Гуанчжоудағы Азия ойындары біз үшін сәтті аяқталды. Әлемдік сыннан 3 алтын, 2 күміс, 6 қола иелендік... Енді, міне, жаңа жылдың жаңа парағы ашылып отыр. Алда бүкіл Алаш күткен Азиада... Кейін басқа да дүбірге толы додалар бар. Бастысы, Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласқа түсеміз. Ендеше, 2011 жылы әлем көз тігер әлемдік додаларға шолу жасап көрейік...

Шаңғы спорты. Әлем чемпионаты. Осло. Норвегия. 24 ақпан-6 наурыз

Осло төрінде бірінші кезекте Алексей Полтараниннің жолына үлкен үмітпен қараймыз. Әлем кубогы кезеңдерінде атой салған Алексей сағындырған бір жүлдені қоржынға салар, бұйырса... Ал тұғырдан секіруден Радик Жапаров, Алексей Королев және Никлай Карпенконы финалан көрсек, үлкен жетістік.

Биатлон. Әлем чемпионаты. Ханты Мансы. Ресей. 3-13 наурыз.

Ванкуверде сәтті өнер көрсеткен Елена Хрусталева бұл сында өз жетістігін қайталаса...

Коньки. Әлем чемпионаты. Инццель. Германия. 10-13 наурыз.

Өткен жылы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ топ жарған Екатерина Айдованың ересектер арасындағы сыннанда жүлде алар сәті жетті.

Мәнерлеп сырғанау. Токио. Жапония. 23-26 наурыз

2008 жылы Лос Анжелестағы әлемдік сында үздік сегіздікке енген Денис Тен соңғы кезде сәтті өнер көрсете алмай жүр. Азиада сыныда бір серпіліп, одан әрі Токио төрінде бізді бір қуантса нұр үстіне нұр.

Ауыр атлетика. Азия чемпионаты. Тонглинг (Қытай). 5-18 сәуір.

Азия құрлығының алыптары жиылар бұл додада Қазақстан мен Қытай ауыр атлеттерінің айқасын тамашалаймыз.

Хоккей. Әлем чемпионаты. Әйелдер. Швейцария. 16-26 сәуір.

Бұл сынға Қазақстан қыздары да қатысады. Бідің топтағы қарсыластарымыз Канада, Финляндия және жарыс қожайындары болмақ. Аруларымыз жүлде ала қоймас. Десекте элитадағы орнымызды сақтап қалсақ біз үшін үлкен табыс.

Хоккей. Әлем чемпионаты. Бірінші дивизион. В тобы. Киев (Украина). 17-23 сәуір

Элиталы дивизонмен қоштасқан Қазақстан сол биікке қайта қол созып көрмек. Қарсыластарымыз азулы. Украина, Ұлыбритания, Латвия, Польша да әлемдік сынның мәртебелі тобына шығуды мақсат ұтып отыр.

Күрес түрлері. Азия чемпионаты. Ташкент (Өзбекстан). 19-29 мамыр.

Алатақиялы ағайындардың бас шаһары Таш қалаға жиылатын құрлықтың балуандары Лондон Олимпиадасының жолдамасын көкпарға салады. Дүбірлі доданың алтынынан қазақтың нар балуандары да үмітті.

Волейбол. Азия клубтық чемпионаты. 1-30 маусым.

Әуе допты ұршықша иіретін азиялық волейболшылар жаздың алғашқы айында клубтық кубокты сарапқа салады. Бұл сынға Алаш елінің атынан «Жетісу» (әйелдер) мен «Алматы» ( ерлер) командасы қорғайды.

Футбол. Америка кубогы. Аргентина. 1-24 маусым.

Америка құрлығы өз мықтыларын екі жылда бір анықтайды. Бұл жолғы сында Бразилия мен Аргентина бастаған латын америкалық елдер дуын қыздырар доданың қызығынан бізде тыс қалмаймыз.

Күрес түрлері. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты. Джакарта (Индонезия). 0-12 маусым

Сингапурде олжа салған Ақандардың жемісті жолы Джакарта кілемінде де жалғасын табуға тілектеспіз.

Грек рим күресі. ҚР Президенті кубогы. Астана. 18 маусым

Классикалық күрестің серкелері елорда төрінде бас қосып, Президент кубогын сарапқа салады. Әлемдегі жүлде қоры қомақты сынға талай мықтылар келеді деп күтілуде.

Африка ойындары. Мапуту (Мозамбик). 15-27 маусым.

Қара құрлық Олимпиадасы саналатын бұл ойындардың да қызығы өз алдына. Нәсілі қара оңтүстік африкалықтар мен Мысыр бастаған араб елдерінің мықтылары көркін қыздырар бұл сыннан бұйырса «Аламан» біраз репортаждар топтамасын ұсынуды жөн санап отыр.

Футбол. Әлем чемпионаты. Әйелдер. Германия. 26 маусым -17 шілде

Әлемнің он алты құрамасының арулары өзара үздіктерін анықтайтын сында жарыс қожайындары басты фаворит. Норвегия, АҚШ, Қытай, Корея өыздары да осал емес бұл ретте.

Атобы: Германия, Канада, Нигерия, Франция

В тобы: Жапония, Жаңа зеландия, Мексика, Англия

С тобы: АҚШ, КХДР, Швеция, Колумбия.

Д тбы: Бразилия, Австралия, Норвегия, Экваторлық Гвинея

Су спорты түрлері. Әлем чемпионаты. Шанхай. 16-29 шілде

Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласар жүзгіштер, су бишілері, ватерпол шеберлері Шанхай хауызында сынға түседі. Осы додада біздің жүзгіштерде бақ сынайды. Жүлде ауылы алыс біз үшін. Дегенмен, Лондон жолдамасының бірнешеуін қалтаға бассақ үлкен табыс бізге.

Күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты.  Бангкок (Таиланд). 4-7 тамыз.

Азияның жас балуандары бас қосар бұл сында Қазақстан басты фаворит. Ұлттық құрама бұл сында кем дегенде 4 алтын алуды жоспарлауда.

Бүкіләлемдік жазғы Универсиада. Шенжен (Қытай). 12-23 тамыз.

Осыдан екі жыл бұрын Сербия астанасы Белград төріндегі сында Қазақстан 1 алтын,  2 күміс, 4 қоламен 32 орынға табан тіреген еді. Енді сол жетістікті еселеу біздің спортшылардың басты мақсаты. Спортшы студенттерге жазғы «сессияда» тек сәттілік!

Күрес түрлерінен кадеттер арасында әлем чемпионаты. 23-28 тамыз. Шомбаттели (Венгрия)

Құрлықтық сыннай кейін біздің жас балуандар Еуропаны бетке алып әлемдік чемпионаттың жүлдесіне таласады.

Дзю до. Әлем чемпионаты. Париж. 23-28 тамыз

Асхат Житкеев тізгіндегін ерлеріміз бұл сында кем дегенде бес Олимпиада жолдамасын қалтаға бауы керек. Лондон татамиіне жолдаманың көбі осы Париж төрінде таратылатынын ескерсек, Гүлдан Иссанова сынды қыздарымызда аянып қалмас...

Жеңіл атлетика. Әлем чемпионаты. Тэгу (Корея). 27 тамыз - 4 қыркүйек.

2009 жылы Берлинде қазақстандық атлеттер әлемдік сынның жүлдесінен қағылды. Ал бұл жолы Ольга Рыпаковадан алтын күтеріміз хақ. Жазға дейін биіктікке секіруші Марина Аитовада жарақатынан айығар...

Баскетбол. Азия чемпионаттары. Тамыз-қыркүйек

Баскетбол спортының Қазақстандағы аяқ алысы көңіл қуантарлықтай емес. Биылғы жылы құрлықтық деңгейдегі бірде бір сында бақ сынай алмадық. Қаржы тапшы... Ақшаны былай қойғанда құраманың керегесі де осал. Міне, осы олқылықты жою үшін тамыз бен қыркүйек айында өтетін Азия чемпионаттарында тәуір ойын өрнегін көрсетсек жақсы болар еді...

Күрес түрерінен әлем чемпионаты. Стамбул (Түркия). 12-18 қыркүйек.

Анадолы елінде Нұрмахан Тыналиев бастаған грек рим күресі шеберлері, Нұржан Қатаев бастаған еркін күрес мықтылары және Шалыгина көшбасшы саналатын аруларымыз атой салады деген сенімдеміз. Көп күттірген әлемдік сынның алтыны осы Стамбул кілемінде бұйырса, қане...

Волейбол. Азия чемпионаты. Әйелдер (Тайпей). Ерлер (Иран). Қыркүйек

Азия ойындарында қоржынға қола салған қыздарымыз сол жетістігін Тайпей төрінде қайталаса нұр болар еді. Ал ерлеріміздің қазіргі жағдайы құрлықтық сынның жүлдесіне таласарлықтай емес. Десекте, ширек финалға шығу басты мақсат ерлер үшін.

Көркем гимнастика. Әлем чемпионаты. Монпелье  (Франция). 13-26 қыркүйек

Анна Альябаева бастаған ұлттық құрама мықтылары бұл сында қоржынға қола салса деген дәме бар. Лондон Олимпиадасының жолдамасын қалтаға басар сәтте осы.

Бокс. Әлем чемпионаты. Бакы (Әзербайжан). 16 қыркүйек - 1 қазан.

Пусан шаршы алаңында Миланда кеткен есені қайтару үшін Мырзағали Айтжанов  шәкірттері аянып қалмас. Қоржынға біраз Олимп жолдамасын басар сәтте қамшы басар Сәпиев пен Елеусінов бастаған мықтылар.

XVI Пан Америка ойындары. Мехико (Мексика) . 14-29 қазан.

Америка жұртының Олимпиадасына баланатын сын біздің жанкүйерлерді де қызықтырары анық. Алла бұйырса, «Аламан» мұхиттың арғы жағындағы сыннан да арнайы репортаждар ұсынуды жылдың басты жоспарына енгізіп

отыр.

Спорттық гимнастика. Әлем чемпионаты. Токио (Жапония). 16-29 қазан.

Азия ойындарына қолаға «тойғызған» гимнасшыларымыз сол жетістіктерін Токио төрінде қайталаса, шіркін. Себебі спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының тұғырынан қол бұлғайтын қазақ спортшысын көру бақыты біраз болды бізге бұйырмай тұрғаны... Айтпақшы, осы уақытта таэквондодан да кезекті әлем чемпионаты өтеді. Бұл сынды да қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.

Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Париж (Франция). 10-17 қазан

Қазақ ауыр атлеттері әлемді мойындатқалы біраз жылдың жүзі болды. Бұл сында Лондон жолдамасына таласамыз. Ни баптайтын ұлттық құрама максимальды жолдамаға қол жеткізсек деп отыр.

Гандбол. Әлем чемпионаты. Әйелдер. Бразилия. Желтоқсан.

Бұл сынға Азияның қазіргі үздігі Қазақстан құрамасы да қатысатыны белгілі. Біздің қыздарға тек сәттілік. Бүгінге дейін Бразилияға барар біраз команда белгілі. Олар: Азиядан - Қазақстан, Корея, Қытай, Жапония. Еуропадан - Норвегия, Швеция, Румыния және соңғы әлем чемпиондары Ресей. Бұл қатарға ұйымдастырушы ел Бразилияны да қосыңыз. Африкадан - Ангола, Тунис, Кот Д Ивуар. Алдағы уақытта Еуропаның тағы 8, Американың  - 3,Мұхиттық аймақтың  - 1 командасы белгілі болады.

Еуро - 2012. Финалдық кезең жеребесі де осы желтоқсан айында тартылады.

«Аламан» сайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563