Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4989 1 пікір 26 Қаңтар, 2018 сағат 10:43

Танымал тәжік актрисасының өлімі үшін дәрігерлер сотталды

Тәжікстанның Соғды облысы Худжанд қалалық соты Туберкулезбен күрес орталығының екі қызметкерін кісі өліміне әкелген салақтығы үшін үш жылға соттады.

Орталық дәрігері Хотам Отамбоев пен лаборант Мехри Юсупованың кесірінен облыстық дарама театрының актрисасы және бас балетмейстері Саодат Саломова дүниеден өтті делінеді.

Сотталғандар жазаны қоныс колониясында өтейді. Тәжікстанның еңбек сіңірген әртісі Саодат Саломова Орталықта өткен жылы 1 сәуірде миына қан құйылғаннан қайтыс болды. Ол 50 жаста еді.

Дәрігерлердің консилиумы Саломова дұрыс қойылмаған диагноздың кесірінен өлгенін анықтаған.

Оның адвокатының айтуынша, кейін биологиялық сараптама оған қойылған диагноз басқа науқасқа арналғаны анықталған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683