Жексенбі, 17 Қазан 2021
Алаң 7084 44 пікір 28 Қаңтар, 2018 сағат 11:32

Анасы Қытайда тұтқында отырған сәбилердің зары

Қазақстан азаматы Мұқамет Қызырбекұлының Құдай қосқан қосағы Аманжол Қисақызы үш айдан бері Қытайдың Үрімжі қаласындағы "Саяси тәлім-тәрбие орталығы" деп аталатын лагерде қамауда отыр.

Мына видео "Мен - қазақпын" дейтін әр азаматтың көзінен жас шығарары сөзсіз. Бірақ, көзімізді жасқа шылап отыра бермекпіз бе?

 

;app=desktop

Анасын сағынған сәбилердің зарын естір құлақ табылар ма? Біздің ұлтшыл азаматтар қайда? Қазақ бүлдіршіндерін жылатып қойып, Сыртқы Істер министрлігі не қарап отыр? БҰҰ-ға, басқа да адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарға Қытайда болып жатқан сорақы жайларды жеткізер жан табылмағаны ма?

Саясат - саясатымен. Солай екен деп мынандай бүлдіршін балаларды зар қақсатып қою - тәуелсіз қазақ еліне сын.

Қытай қазақтарының басына қара бұлт үйірілді. Осындай сәтте қазақтың мемлекеті қазақ азаматтары сүлесоқ кейіпте отыруы "қазақтың қайғысын өз қайғым" деп білмеуі бізді өкіндіреді.

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz 

44 пікір