Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 07:22

Шәріпхан Қайсар. Шығысқа Божко бара жатыр

Жаңа жылдың қарсаңында Шығысқа табиғаттың шыңылтыр аязынан «ызғары» қатты бір сөз  жетті. Ол не дейсіз ғой? Ол - 2009 жылы наурыздан бастап облысқа басшылық етіп келе жатқан Бердібек Сапарбаевтың орнына қазіргі Төтенше жағдайларды «ретке» келтіріп жүрген басты «құтқарушы» Владимир Божко келгелі жатыр деген әңгіме.

Тәуелсіздіктің 19 жылында Шығыс Қазақстан облысын Б. Сапарбаевты қосқанда білдей он әкім басқарыпты. Соның ішінде әлі де халық әңгімесінің «сүйікті» кейіпкері болып жүрген ұлт «мақтанышы» Виктор Храпунов, әрине. Ол туралы әңгімелер де, аңыздар да бір төбе. Жә, болар іс болып, бояуы сіңді...

Қазіргі билік тізгінінде отырған Бердібек Мәшбекұлына келсек, ол әкімдік аппаратын өзіне дейін басшы болған экс-әкім Әділғазы Бергеневтің «қылмыстық» тобынан «тазартып», маңына сенімді «серіктерін» (Серік Әбденов пен Серік Тәукебаев - Сапарбаевтың бірінші орынбасары мен жай орынбасары) топтастырып, білек сыбанып жұмысқа кірісті.

Еліміздің бірнеше облыстары мен ведомстволарын басқарған білікті қызметкер Сапарбаев Шығыста біраз істі тындырып үлгерді. Атап айтсақ, Кәрібжановтың кезінде басталып, Бергеневтің тұсында тұралап қалған Ұлы Абайға орталық алаңда еңселі ескерткіш қойылды, облыстың орыстанып кеткен Риддер қаласында "Тілі бірдің - тілегі бір" тақырыбында мемлекеттік тілді қолдауға арналған республикалық форум өткізілді. Талай жылдар жетімсіреп, бюджеттің сарқынын сарпып келген облыстың мәдениеті мен өнеріне көңіл бөлініп, айтарлықтай қолдау көрсетілді.

Өткен жылғы көктемгі алапат су тасқыны кезінде облыстың басым бөлігі, атап айтқанда, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Абай, Көкпекті, Зырян аудандары апат аймақтарына айналды. Сол бір қиын қыстау кезеңде Бердібек Сапарбаев кабинетінде отырып қалмай, апат орын алған аймақ халқымен бірге болды, бірге күресті. Еңбек пен арпалыстың нәтижесінде, облыста Қызылағашта болған қасіреттің қайталануына жол берілмеді, адам шығыны болған жоқ.

Ал «үскірік» әңгіменің басты кейіпкері Божко ше? Ол туралы не айтуға болады?

Владимир Карпович Божко 2007 жылдың 13 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі. Оған дейін Қазақ КСР МҚК және ҰҚК-де әр түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Біз енді Божконың соңғы қызметіне   қысқаша шолу жасап көрейік.

Осыдан дәл 3 жыл бұрын 2008 жылдың 11 қаңтарында «Абай» шахтасында жарылыс болды. Апат салдарынан 30 адам қаза тауып, 14 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Жер бетіне 9 кеншінің денесі көтеріліп, 21 адам жанып жатқан лавада қалды.

2008 жылдың 2 маусымында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты «Тентек» шахтасында газ бен көмірдің атқылауы салдарынан 5 кенші көз жұмды.

Дәл сол жылы маусымның 28-інде тағы да сол «Тентек» шахтасындағы 193 Д6-Ю конвейерлі штректің даярлық забойында кенеттен көмір газы атқылап, 3 кенші қайтыс болып, 1 адам ауыр жарақат алды.

Осылайша еліміздің қара алтын кені халықтың қара моласына айналған болатын. Бұл оқиғалардың барлығы апаттардың алдын-алуға бағытталған жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмегендігінен болды. Бұл оқиғалардан кейін атыраудағы екі көпірдің құлағаны, Талдықорғанда наркодиспансер емделушілер мен дәрігерлерімен қоса өртеніп кеткені халық есінде.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында елдің жігерін жасытып, құтын қашырған алапат апат - Қызылағаш апаты болды. 2009 жылы 12 наурызда суқойманың жарылуы салдарынан болған су тасқынында кемінде 37 адам қаза тауып, ондаған адам хабарсыз кетті, мыңдаған адам зардап шекті, жүздеген үй қирады, мыңдаған бас мал қырылды.

Еліміздегі су қоймалары мен бөгендеріне осы апаттан кейін ғана мән беріліп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл «жау кеткен соң қылышыңды боққа шаптың» кері емей немене.

Божко басқаратын ведомство төтенше жағдайлармен күресу ұғымын апаттардың салдарымен ғана күрес деп ұғатын сияқты. Әйтпегенде, төтенше жағдайларды болдырмау, апаттардың алдын-алумен жүйелі түрде шұғылданған болса, осындай қасіреттер болмас еді.

Мейлі, қазақтың кеңдігіне салып, өткен өтті делік.

Божко Шығысқа келгенде не бітіреді? Ол Шығыстың қандай екенін біле ме? Шығыстағы қазақылану үрдісін қаншалықты жүргізе алады?

Қытай мен Ресей сияқты қос алпауытпен шекаралас жатқан жалғыз Шығыс Қазақстан. Жағрапиялық орналасу ерекшелігі, жерінің аса байлылығы, этникалық құрамының әр түрлілігі, тілдік мәселелерінің әлі де болса шешілмегендігі, халқының басым көпшілігінің анағұрлым саяси сауаттылығымен ерекшеленетін Абай еліне басшылық жасау кімге болса да оңайға соқпайды.

Қалай болғанда да, Божко Шығысқа келетін болса «қасқырға қой бақтырғанмен» бірдей болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345