Сенбі, 23 Қараша 2024
3765 0 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:35

Әділет министрі: Тәжікстан түрмелерінде бірде-бір ар-ұждан тұтқыны жоқ

Тәжікстанның әділет министрі республика түрмелерінде бірде-бір саяси тұтқын жоқ деп мәлімдеді. Жазасын өтеушілердің барлығы қылмысы үшін отыр, саяси қызметі үшін ешкім сотталмады, деді Рустами Шохмурод.

Душанбеде 31 қаңтарда баспасөз мәслихатын өткізген министр Тәжікстан заңнамаларында "саяси тұтқын" термині жоқ деп мәлімдеді.

Дегенмен адам құқығын қорғаушылар мен тұтқындардың туыстары саяси мотивпен сотталған ондаған ар-ұждан тұтқыны темір торда отыр дейді. ​

Human Rights Watch ұйымының Орталы Азия мәселелері жөніндегі зерттеушісі Стив Свердловтың айтуынша, заңда "саяси тұтқын" түсінігі жоқ болғанымен, ол мұндай тұтқындар жоқ дегенді білдірмейді. "2015 жылы Тәжікстан ислам өркендеу партиясы экстремистік деп танылып, оған тыйым салынған соң, көптеген саяси тұтқын түрмеге түсті", - деді ол Озоди радиосына.

Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар "Жаңа Тәжікстан" партиясының басшысы Зайд Саидовты, Тәжікстан демократиялық партиясының бұрынғы басшысы Махмадрузи Искандаровты, ТИӨП саяси кеңесінің мүшелерін ар-ұждан тұтқыны деп таныды. Олар экстремизм, конституциялық құрылымды құлатуға талпыну, жемқорлық, алаяқтық және жалған құжат жасау айыптарымен сотталды.

2015 жылы қыркүйекте генерал Абдухалим Назарзоданың әскери бүлігі күшпен басылып, Ислам өркендеу партиясына тыйым салынған соң, елде саяси қудалау күшейді. Бас прокурор бір ғана Ходжа Халим ісі бойынша 170 адам сотталғанын хабарлаған. Олардың арасында ТИӨП-тің 13 мүшесі бар. Бұл істердің саяси астары бар деп есептеледі. Адам құқығын қорғаушылардың баяндамаларында тыйым салынған партия мүшелерін қорғағаны үшін қудалауға ұшыраған үш адвокат – Бузургмехр Ёров, Нуриддин Махкамов және Дилбар Додарджонованың есімдері аталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345