Сенбі, 23 Қараша 2024
3983 0 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:52

Стокгольм терактісін жасады деп айыпталған өзбекстандық өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін

Прокурор Ханс Ирманның хабарлауынша, Өзбекстан азаматы Рахмат Акиловқа терроризм айыбы тағылған және оны өмірлік түрме жазасына кесуді соттан талап етеді.

"Менің мақсатым – оны біздің көшелерде ешқашан еркін жүрместей ету", – деді айыптаушы.

2017 жылы 7 сәуірде Стокгольмдегі Дроттнинггатан көшесінде жаяу жүргендерді Акилов жүк көлігімен қақты. Қатты жылдамдықпен жүрген көлік 18 адамды басып өтіп, дүкенге соғылды. Жүк көлігінде бомба болған.

Террорлық шабуылдан бес адам қаза болды, 15 адам зардап шекті.

Сол күні полиция 39 жастағы Акиловты ұстады. Ол Швецияға 2014 жылы барып, сонда құрылысшы болып істеген. Біраз уақыт бұрын ол бұл елден баспа сұраған, бірақ Швеция билігі оны депортациялауға шешім шығарған.

Акилов теракт жасағанын мойындап, бұл әрекетін "Ислам мемлекетінің" тапсырмасы деп атады. Сонымен бірге ол жасаған ісіне өкінбейтінін айтты.

Акилов ісіне қатысты сот ақпан айында басталады. Өзбекстандыққа қарсы 155 шағым түскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345