Елтілек Қаламбайұлы. Саяси жұт...
Саяси жұт. Дәл қазір елімізде «жантықтардың» жандалбасалап жасап жатқан бет қызартар науқанын осылай демеске лажың жоқ...
Тіпті, парламент елбасының өкілеттілігін 2020-ншы жылға дейін ұзарту туралы ұсынысының өзін президент қабылдамайтынын, қолдамайтынын айтып арнайы жарлыққа қол қойды. Бірақ, жағымпаздардың жарысы тоқтар емес.
Сонымен, алашапқын болған референдум өткізуге есі кеткендердің есерсоқтау, ессіздеу тірлігіне тоқталайық.
Ерлан Сыдықов деген біреу бастаған бастамашыл топ тымағын аспанға ата жар салып, жүректері жарыла қуанып жатыр. Өйтпегенде ше?! Оның сөзіне сенсек, президент Н.Назарбаевты 2020 жылға дейін «тақта» қалдыруды қолдап, референдум өткізуді құптайтындардың саны екі жарым миллионнан асқан. Сөз етіп отырған жігіттің еңбегі еленіп, ертең бөксесі жұмсақ былғары орындыққа тиіп жатса таң қалмаңыз...
Соңғы кездері сандаған бағдарлама қабылданды. Үкімет құжаттарды жүзеге асырудан гөрі мақұлдауға құмар. Мәселенки, солардың бірер парасын алып қарайық: «Бизнестің жол картасы-2020», «Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары», «Индустриаландыру картасы-2020», тіпті, білім беруді дамыту бағдарламасы да 2020 жылға барып бірақ тіреледі... «2020» деген санның неге қаптап кеткенін қу ішіңіз сезіп отырған болар....

Жә, сонымен референдум жайына оралайық. Құптаушылардың қолын жинау туралы әңгіме шыққанда аймақтардағы билік бишікештері жерден жеті қоян тапқандай қуанды. «Мәреге» алғашқы болып жетіп, көзге түсу үшін етектері далақтап шаба жөнелді. Шенеуніктер бәске түсіп, «қызыл май» болмасқа әдді жоқ. Бұл олар үшін арзан ұпай жинауға таптырмайтын дүние. Артта қалған өңір басшысының маңдайынан Президенттің сипай қоймасы, түртпекке түсері хақ. Жергілікті биліктің шаш ал десе бас алатын әбжіл «жандайшаптары» барлық жерде жиналыс өткізіп, жан қоймай жатыр. Жұртшылыққа жаппай қол қойдыруда. Бұқара үшін бұл талқыланбайтын мәселе. Әсіресе, ауылдық жерлерде. Қолыңды қойсаң да, қоймасаң да қоясың.
«Агент» деген жақсы болды. Әр өңірдегі, қаладағы және аудан, ауылдардағы тамыр-таныстың тамырын басып көрдік. Ауылды жердің басым көбінде қара халықты жаналқымнан алып жаңа жылға дейін қол қойдырып алыпты. Ал атын атамауды өтінген қалада тұратын таныс мұғалім «жиырма адамнан қол жинайсың» деп бастығы бұйырып, жаңа жылға дейін ақырған аязда үсіп-тоңып біраз тентірегенін айтты. Ол сондай-ақ бастығының «жаңа жылға дейін жоғарыдан тапсырылған қолды жинамасақ, облысымыз артта қалып қояды» деп мұғалімдердің екі аяғын бір етікке тыққанын да жасырмады. Әрине, өз еркімен қол қойып жатқан «Хабар» бастаған «одашыл» телеарналардың «құрбандары» да мыңдап саналады. Әйткенмен, жергілікті биліктің қалың жұртшылық пен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер сондай-ақ бюджет саласы мамандарының апшысын қуырып жатқаны белгілі болды. Кейбір қол қойғысы келмегендерге қысым да жасалған. Айтпақшы, біздің үйдің есігін де қол жинаушылардың бірі қақты. Аяздан беті домбыққан, түрі шаршаңқы орта жастағы әйел адамды мұғалім болар деп топшыладық. Өйткені, қол қоя алмайтынымызды айтқанда ауыр бір күрсінді де ештеме деместен бұрылып кете берді. Бәлкім белсенді топтың бірі болғанда, «президенттің саммит өткізіп, Қазақстанды демократияның даңғылына түсіріп, адам құқығының аяққа тапталмайтынын айтып, халықтың аузынан «ақ май ағып» жатқанын «жырлап», есік тұтқасына жабысып тұрып алар ма еді...
Сонымен не керек, Олжас Сүлейменов бастаған «бұлбұлдар» жаңа бастаманың басты кейіпкерлері ретінде «рөлдерін» мығым ойнап жатыр. «Референдум өткізу керек» деп еліріп, екі иығын жұлып жеп, етегіне сүріне жаздап жүгіріп жүрген жағымпаздарға қарап түйген ойымыз мынау: Бұл Ақорда тарапынан шыққан жұтаң әрі ұятқа қалдыратын бастама. Бір жағынан халықтың тамырын баса отырып, референдум өткізуге жергілікті биліктің қаншалықты дайын екенін тексеруге арналған сценарий. Қалай дегенмен де, бүгінгі билік үшін референдум өткізу мыңда бір таптырмайтын тиімді тәсіл.
Р.S: Тағы бір айтар, жер-жердегі шолақ белсенділер халықтың атынан сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Билік телеарналарын қосып қалсаң болды, «халық референдум өткізуді қолдайды, жұрт қуана құптап жатыр» деген сөздерден құлақ сарсылады. Айтпақшы, билікке қара халық атынан кез-келген шешімді қабылдай салу түк емес...
«Абай-ақпарат»