Жұма, 29 Наурыз 2024
3280 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:43

ХОК сот ақтаған ресейлік 15 атлетті Пхенчханға шақырудан бас тартты

A supporter waves a Russian flag in front of the logo of the International Olympic Committee (IOC) at their headquarters on December 5, 2017 in Pully near Lausanne. The International Olympic Committee opened a high-stakes summit on December 5 on whether to bar Russia from the Winter Olympics over allegations its medal haul at the 2014 Sochi Games was fuelled by state-sponsored doping. / AFP PHOTO / Fabrice COFFRINI

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға бұған дейін Спорттағы арбитраж соты (CAS) ақтаған 28 ресейліктің 15-ін шақырудан бас тартты.

Комитет сайтындағы ақпарат бойынша, олардың он үші – спортшылар, екеуі – жаттықтырушы Альберт Демченко мен Сергей Чудинов.

IOC тексеру жүргізілгеннен кейін спортшылар тыйым салынған препараттарды қолданған деген күдік пайда болғанын мәлімдеді. Комитет Сочи олимпиадасындағы допиг сынамаларын тексерген Денис Освальдтың комиссиясы өздеріне қажетті материалдар берілмегендіктен ресейліктердің кінәсін жеткілікті дәлелдей алмағанын айтады.

4 ақпан күні IOC басшысы Томас Бах Спорттағы арбитраж сотының 28 ресейлікті ақтап, оларды олимпиадаға жіберу туралы шығарған шешімін «күтпеген шешім» деп атап, қынжылған. Ол сонымен қатар сот айыппұл салу шараларын қолданбаған спортшылар олимпиадаға қатысу құқығына ие болады деген сөз емесін де айтқан.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) бұған дейін CAS шешіміне шағымданатынын хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580