Сенбі, 23 Қараша 2024
3954 0 пікір 8 Ақпан, 2018 сағат 08:53

Мәскеулік тергеушілер Дағыстанда ауқымды тексеру жүргізіп жатыр

Дағыстанда ауқымды тексеру басталды. "Аймақтардағы билік құрылымдарын қылмыстық элементтерден тазарту" шарасын Мәскеуден келген тергеушілер басқарады. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Қаржы, денсаулық сақтау, білім министрліктерінде, сонымен бірге ІІМ және сот жасауылы басқармасында құжаттар тексеріліп жатыр. Қылмыстық элементтерден тазарту шарасы аяқталғанша Дағыстанның жоғары лауазымды шенеуніктері шетелге шықпауы тиіс.

2017 жылы күзде Дағыстан басшысы қызметіне Владимир Васильев тағайындалған. Ол бұған дейін Мемлекеттік думада "Единая Россия" фракциясын басқарған. Жаңа қызметке кіріскенде Васильев аймақта мәскеулік тергеушілердің қатысуымен тексеру жүргізуге уәде берген.

Арнайы комиссия республикаға қаңтардың аяғында келген.

5 ақпанда Дағыстанның уақытша үкімет басшысы Абдусамад Гамидов пен оның екі орынбасары, республиканың бұрынғы білім министрі ұсталды. Оларды бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыптады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381