Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 6404 21 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 19:27

Президент Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның орнына Мадина Абылқасымова министр болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министр Дүйсеноваға: "Тамара, жұмыстан шаршадың ба?" деген еді.

"Бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейінге шегеруге тура келді. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды заңдастырып, ресми түрде тіркеу керек. Олар салық төлемейді, зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Былайша айтқанда, "көлеңкеде" жүр. Мен осыны бес жыл бойы айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда ол азаматтармен ешкім тығыз айналысып жатқан жоқ. Министр Дүйсеноваға (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – авт.) да талай рет айттым. Не болды? Тамара, ал айтшы? Әлде шаршадың ба мына жұмыстан?", – деді Н.Назарбаев.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053