Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2974 0 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:53

Стокгольм терактісіндегі "тәжік" ізі

Былтыр сәуір айында Стокгольмде теракт жасаған Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобындағы тәжік содырларының тапсырмасын орындады деп есептейді Швеция билігі.

«Он адамды өлтірдім, бірнешеуі жараланды. Киім жанып кетті» - деп қысқа есеп берген Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов Стокгольм терактісінен кейін ИМ содыры Әбу Усама Нораки мен Әбу Умари Форсиге. «Есеп» теракт күні Zello мобилді рациясы арқылы жіберілген. Сол кезде теракт құрбандары туралы әлі ешкім білмеген.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 7 сәуірінде жүк көлігі Стокгольм орталығындағы Дроттнинггатан көшесінде жаяу жүргіншілерді басып өтті. Терактіден бес адам қаза тауып, 15-сі жараланған.

Полиция жүк көлігінде Өзбекстан тумасы Рахмат Акиловтың болғанын хабарлаған. Тергеу кезінде Акилов кінәсін мойындап, «іс-әрекеттеріме разымын, мақсатыма жеттім» деген.

Швед прокуратурасы Акиловті терроризммен айыптап, соттан өмір бойы түрме жазасын сұраған.

Сотта Акилов терактіге өзін Әбу Довуд пен Әбу Фотима дайындағанын айтқан. Әбу Довуд – шын мәнінде Душанбенің 30 жастағы тумасы Парвиз Саидрахмонов, ИМ қатарында 2014 жылдан бері жүр. Ал Әбу Фотима Дағыстан тумасы 30 жастағы Арсен Мухаджиров. Соңғысы халықаралық іздеуде болған.

«Стокгольм террористі» операцияға Әбу Усама Нораки жетекшілік еткенін, оның қазір Иракта екенін, көбінде Сирия мен Ауғанстанға жиі қатынайтынын айтқан.

Әбу Усама Норакидің шын мәнінде аты-жөні Назаров Тоджиддин Мирзорахимұлы, Тәжікстан тумасы. Ол жихад идеясын ашық насихаттаушылардың бірі.

Abai.kz

0 пікір