Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5544 54 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:39

Әзімбай Ғали. Ресей соғыссыз отыра алмайды

Ресей соғыссыз отыра алмайды. Молдовадан Приднестровье тартып алынды. 2008 жылы Ресей Грузияға шабуыл жасап, одан Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тартып алды. Оңтүстік Осетия мен Солтүстік Осетия бірігіп, Ресейдің құрамындағы Алания республикасы болып қайта құрылды.

Одан бұрын Ресей Таулы Қарабах жеріне Әзірбайжан мен Армения таласына араласып, армяндарды қолдады. 2014 жылы Украинадан Қырымды күшпен алып, Шығыс Украинада жарияланбаған соғыс бастады. Ол аз болғандай Сирияда әскери операциялар жүргізіп жатыр.

Біз Ресейдің одақтасы болсақ та бірде бір соғысқа қатыспадық. Нұрекең Ресейдің саяси авантюраларына қатысқысы келмеді. Түбінде Ресейге тәуелді Приднестровье мен Абхазия егемендік алады. Шешенстан, Дағыстан, Алания, Ингушетия мен басқа Солтүстік Кавказ республикалары да Ресейден дербестікке ұмтылады. Сол тұста Қазақстан Ресейден алыстай береді, орысшыл қазақтар биліктен ғайып болып, ел қазақыланып, одан ары мұсылманданады. Қазақстандағы орыс, украин, неміс диаспора өкілдері көз алдымызда статистикалық елеусіз халыққа айналады. Келесі кезекте тілдік және ұлттық ассимиляция жүреді, оған бірегей қазақ мектебі жұмыс істейтін болады.

Солай болу үшін қандай жағдайлар керек: бейбіт демократиялық транзит, құқықтық демократиялық реформалар, жергілікті жерде өзін өзі басқару реформалары, билік прерогативалар мен финанстық қаржылар жергілікті жерлерге жеткені жөн. Болашақта бізге Парламенттік республикалық модельге жылжу керек, НАТО-ға және Еуропалық Одаққа кірген жөн.

Қазақстанның 12 пайызы Еуразияның еуропалық бөлігінде орналасқан. Қытай мен Ресей бізді жұтып қоймас үшін оралмандарды жинай беру керек. Демографиялық өсумен қатар сапалық сипаттардың көтерілгені керек. Экономикалық даму 4 пайыздан төмен болмау керек. Бізге зауалды тауқымет саналатын жемқорлықты керемет деп жүрген жігіттер ұры болып шығып, қамақтан орын табады... Өкінішті-ақ.

Abai.kz

54 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475