Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
3087 0 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:52

Қырғыз депутаттары аштық жариялаған тұтқындармен кездесті

Қырғыз парламентінің депутаттары ИК-47 абақтысында аштық жариялаған тұтқындармен кездесті деп хабарлады депутат Жанар Ақаев.

Оның сөздерінше, аштық жариялаушылардың жағдайы нашарлап кеткен:

- Бәрінен де Бектұр Асановтың хәлі мүшкіл. Абақты дәрігерлері оның қан қысымы бірден төмендеп кетті дейді. Сол себептен дәрігерлер саясаткерге аштық жариялауды тоқтатпаса, салдары өте ауыр болуы мүмкін деп ескерткен. Біз де акцияны тоқтатуын сұрадық. Бірақ олар Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) басшысы Әбділ Сегізбаев қызметінен алынбайынша, аштық жариялауды тоқтатпаймыз деп отыр.

Жанар Ақаев саясаткерлердің денсаулығы жайында парламент қабырғасында көтеремін дейді.

МҰҚК басшысы Әбділ Сегізбаевтың отставкасын талап етіп, Бектұр Асанов 30 қаңтарда, Эрнест Карыбеков 31 қаңтарда, Кубанычбек Кадыров 1 ақпанда аштық жариялауды бастаған. Олардың бәрі 2016 жылы «билікті күшпен тартып алмақ болды» деген айыппен ұсталған.

Бішкектің Бірінші май аудандық соты оларды айыпты деп танып, Эрнест Карыбековті 20 жылға, Кубанычбек Кадыров пен Бектұр Асановты 12 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын берген. Дастан Сарығұлов болса 4 жыл шартты жазаға кесілген. Бұл шешіммен келіспеген саясаткерлер қайта шағымданған. Бірақ 2018 жылдың 7 ақпанында өткен келесі сот инстанциясы аудандық сот шешімін күшінде қалдырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217