Жұма, 25 Қыркүйек 2026
4154 1 пікір 15 Ақпан, 2018 сағат 08:47

Тәжікстан: президент жолдауын тыңдамаған концертмейстер жұмыстан шығарылды

Душанбе қаласында Малика Сабирова атындағы хореографиялық училищесінің концертмейстері және би мұғалімі Саида Рустамова мемлекет басшысының жолдауы кезінде акт залында болмағаны үшін жұмыстан шығарылды.

"Училище директоры Кенджа Иброхимов қол қойған бұйрықта "Ұлт лидерінің теледидардан көрсеткен жолдауын училищенің акт залында тыңдаудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығару" деп жазылған", - деді 14 ақпанда Саида Рустамова.

"Шын мәнінде олай емес. Мен акт залына кіргенде, онда бос орын болмады. Әдейі жасаған жоқпын, жолдауды тыңдауға мүмкіндік болған жоқ".

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өткен жылы 22 желтоқсанда жыл сайынғы жолдауын жариялады. "Мені жұмыстан шығарғанына келіспеймін, сол себепті президент әкімшілігіне және мәдениет министрлігіне арыздандым. Жауап күтіп жүрмін", - дейді Рустамова.

Училище директоры концертмейстерді жұмыстағы кемшілігі үшін шығардық деп отыр. "Ол басшылықтың нұсқауын орындамады, дөрекі сөйледі. Қызметкер ішкі тәртіпке бағынбай, басшылыққа дөрекі сөйлейтін болса, оны жұмыстан шығарады... Мен оның арызданғанын естідім. Арандатушы ғана осылай жасайды", - деді Кенджа Иброхимов.

Тәжікстанның мәдениет министрлігі би мұғалімінің арызын алғанын растады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1483
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3102
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1104
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1028