Сенбі, 23 Қараша 2024
3313 0 пікір 15 Ақпан, 2018 сағат 08:48

Түркіменстанның "қара базарында" доллар бағамы тұрақтамай тұр

Түркіменстанның Дашоғыз облысындағы "қара базарда" 14 ақпанда түске дейін 1 АҚШ долларының құны 6 манат болса, түстен кейін 10 манаттан сатылған.

Еске салайық, өткен аптада доллар 15 манатқа дейін көтерілген. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанның солтүстігіндегі жағдай Ашхабадтағы "қара базарға" да әсер еткен. Мұнда 1 АҚШ доллары 11 манатқа дейін арзандаған, бір күн бұрын 14 манат болған.

Түркімен валютасы бағамының бұлайша құбылуы елдің Қазақстан және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарында сауданың қызуына тікелей байланысты дейді кәсіпкерлер.

"Дашоғызда Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері түркімен валютасын көптеп сатып алған. Содан манат нығайған. Доллардың қара бағамы 9 манатқа дейін түскен, бірақ ол көпке созылмаған. Түстен кейін доллар қайтадан 11 манатқа қымбаттаған. Қазір ол шамамен 12 Манат тұрады", - деді Азатлыктың жергілікті тілшісі.

Түркіменстанда доллардың ресми бағамы 3,5 манат деп белгіленген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475