Депутаттың қызы министр болды
Еш жерге тіркелмеген, өз күнін өзі әрең көріп жұрген 2-3 млн. халыққа салық төлетемін деп, реформа жасағалы отыр екенсіз. Хош делік. Ал енді сол салық төлейтіндер біреуге жалдамалы болып жұмыс істеп, шықпа жаным шықпа деп әрең күнін көріп жүргендер емес пе?
Мысалға: базардағы арбакештер, күл-қоқыстан темір терсек теріп металломға өткізіп жүргендер, біреудің үйін тұрғызып беріп жүргендер және кофеде официант болып жұмыс атқаратындар немесе байлардың кірін жуып, үйін тазалап жүргендер..., айта берсем бұдан әрі жалғастырып кете беруге болады.
Болса да туылған балалардың айлық жәрдемақысы мен мектеп жасындағы балалардың нанын тартып алдыңдар.
Ал енді қарапайым халық бала-шағасы түгілі өздерін әрең асырап жүргенде, "салық төлетемін" деп, не деген көреген білімді адам едіңіз. Сіз осындай "антинародный" реформаңызбен халықтан алған салықпен, кімді байытамын деп отырсыз?! Мемлекетті ме, әлде арамтамақ шенеуніктер армиясын ба? Онсыз да халықты билік отыз жылға жуық, жұмыспен қамтамасыз ете алмай жазалап келе жатқан жоқ па? Жұмысы бар, ертеңіне сенімді адам онсыз да салық төлейді.
Сіз неге алдыңызға 2-3 млн. халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, кедейшілікпен күресемін деген мақсат қоймадыңыз? Керісінше емес?
Жығылғанға жұдырық демекші, қазір Қазақстан халқының 80 пайызы нанымды қалай тауып жеймін және бала-шағамды қалай асыраймын деп терең күйзеліске түскен. Тіпті көбісі 50 жасқа да жетпей қан қысымы мен инсульттен өліп жатыр. Ал сіз тағы да мед. страховканы мәжбүрлеп төлеуді алдыңызға міндет етіп қойып отырсыз. Онсыз да отыз жылдан бері халықтың стресс пен ұзақ депрессиялық күйзелістен денсаулығы жоқ десек те болады.
Енді сіз өз күнін әрең көріп жүрген халыққа салық төлетіп және мәжбүрлі медициналық сақтандыруды ендірсеңіз халықтың жағдайы не болмақ?!
Менің мамандығым - экономист.
Ал енді экономист ретіндегі менің көзқарасым, бұл нағыз - геноцид...
Ардақ Əшім
Facebook-тегі парақшасынан