Жексенбі, 18 Қазан 2026
4147 0 пікір 16 Ақпан, 2018 сағат 08:37

Өзбекстан Тәжікстанға апаратын темір жолдағы Амузанг–Галаба аралығын жөндейді

Амузанг–Галаба аралығындағы пойыз қозғалысы жақын күндері қалпына келеді, деп хабарлады Тәжікстанның көлік министрі Худоер Худоерзода.

Бұл аралықтағы темір жол 2011 жылы алып тасталынған. Министрдің хабарлауынша, жақында Тәжікстан мен Өзбекстан аралығында автобус қатынасы да қалпына келеді. Бұған қатысты үкіметаралық келісім наурыз айының басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға мемлекеттік сапары кезінде қабылданады.

Өзбекстан мамандары Амузанг-Галаба аралығындағы жұмыспен танысқан. «Темір жол жөнделіп жатыр, енді келісімді қабылдау ғана қалды», - деді тәжік министрі.

Амузанг–Галаба аралығы Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстік облыстарын жалғастырып жатыр.

Термез - Қорған-Төбе желісінің өзбек бөлігіндегі темір жолдың бұзылуы Тәжікстанның оңтүстігін темір жол қатынасынсыз қалдырған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1061
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1443