Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
4324 0 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:32

Тәжікстан үкіметі 1 долларға алтын кенорнының акциясын сатып алды

Қытайдың "Цзиньфен" таукен компаниясы үлесінің 5 пайызын Тәжікстан үкіметіне 1 АҚШ долларына сатты.

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 5 ақпанда мемлекеттік мүлік комитетінің басшысы Фаррух Хамрализодаға "Цзиньфен" компаниясымен келісімге отырып, "Зарафшон" бірлескен кәсіпорны атынан 5 пайыз үлес алу жөнінде тапсырма берген.

Үкіметтегі дереккөздің хабарлауынша, келісімге қол қойғаннан кейін, елдегі ең ірі алтын кеніндегі үкіметтің үлесі 7,3 миллион доллар немесе жарғылық капиталдың 30 пайызын иеленеді. Ал қытайлық Zi jin Mining компаниясының үлесі 17 миллион доллар немесе 70 пайыз болады.

«Зарафшон» бірлескен кәсіпорны 1994 жылы бұрынғы Тәжікстан алтынкен комбинатының орнына құрылған. Кәсіпорынның бақылау пакеті алғашқы кезде британдық «Commonwealth & British Mineral Ltd» компаниясына тиесілі болған. 2007 жылы бақылау пакетті қытайлық компания сатып алды.

Тәжікстанның өндіріс және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша 2016 жылы 5 тонна сары металл өндірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1081
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1465