Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2972 0 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:36

Астана Бішкекке қырғыз депутаты ұсталғаны жайлы жауап нота жолдады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының азаматы Дамирбек Асылбек уулының ұсталғаны туралы ақпараты бар жауап нотаны Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне жолдады. Бұл жөнінде Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өткен сенбі күні журналистерге мәлімдеді.

Жайнақовтың сөзінше, Қазақстан СІМ консулдық қызметі консулдық қарым-қатынас туралы 1963 жылғы Вена келісіміне, Қазақстанның қылмыстық-процессуалдық кодексіне және Шетелдік азаматтардың ұсталғаны туралы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін хабардар ету туралы ережеге сәйкес, Қазақстан аумағында Қырғызстан азаматтары ұсталғаны жайында Қырғызстанның Астанадағы елшілігін 2018 жылғы 16 ақпанда ресми түрде хабардар еткен.

Жұма күні Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Бішкектегі қазақ консулы Ерлан Әбішевке шұғыл нота тапсырып, "Қазақстанда Қырғызстанның екі азаматы ұсталғаны, олардың бірі Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті – ред.) депутаты екені туралы ақпаратқа қатысты толымды мәлімет" беруін сұраған.

Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы ақпанның 15-16 күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз іс-әрекеттерге және қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған 29 адамның екеуі Қырғызстан азаматтары деп хабарлаған.

Кейін бірқатар баспасөз құралдары Қазақстанда ұсталған қырғызстандықтардың бірі – Жогорку Кенештегі "Кыргызстан" фракциясының мүшесі Дамирбек Асылбек уулу деген ақпарат таратқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508