Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2538 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 04:02

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан азаматтарының референдумды қолдаған қолдары мен ұсынысын президентке жолдады

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ  Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) азаматтардың қолдары қойылған республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады, деп ОСК хабарлады.

«Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 16-бабына сәйкес (...) ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы (бұдан әрі  Қорытынды хаттама) бекітілсін.
2. «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктері мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы азаматтардың ұсынысы мен Қорытынды хаттама Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілсін», - делінген бейсенбі күні ОСК сайтында жарияланған хабарда.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ҚР ОСК 2010-шы жылы 27-ші желтоқсанда тіркеген бастамашыл топ, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылғы 6-шы желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдумды қолдаушылардан қол жинады.

Бастамашыл топ дұрыстығы расталған 5 016 367 қол, немесе Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтары жалпы санының 55,2 % қолын  жинаған. Тексеру барысында 194 мың азаматтың қолы жарамсыз деп танылды.

ОСК бейсенбіде  референдумды қолдағандардың қолдары жиналған хаттамаларды тексерген қорытынды нәтижені бекітті.

Конституциялық «Республикалық референдум туралы» заңның 17-ші бабына сәйкес, республикалық референдум өткізу туралы шешімді Қазақстан президенті қабылдайды. Сонымен қатар президент аталған ұсынысты қабыл алмауы да мүмкін.

Еске салсақ, 6-шы қаңтарда президент парламенттің осындай референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамайтындығы туралы жарлығын жариялаған.

Заң бойынша, парламент басым дауыспен (әр палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен төрт бөлігі) президенттің ветосын еңсеріп, Конституцияға сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдай алады. Бұл жағдайда президент бұл заңға қол қойып, оны республикалық референдумға шығарады.

Парламент 14 қаңтарда бірлескен отырысқа жиналып, референдум туралы мәселені қарауды жоспарлап отыр. Онда Н. Назарбаев еліміздің депутаттық корпусын Конституцияны өзгертудің қажеттігі жоқтығына көздерін жеткізуге талпынады деп күтілуде. Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Е. Ертісбаевтың айтуынша, президен 2012-ші жылы өтетін президенттік сайлауға қатысу ниетінде. Бұл ретте кеңесші парламентпен мемлекет басшысының өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435