Сенбі, 23 Қараша 2024
3558 0 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 09:28

Украина: суицид жасаған түркімен қызының өлімі бойынша іс қозғалды

Киев прокуратурасы Богомолец атындағы ұлттық медициналық университеттің студенті болған түркіменстандық өзбек қызы, 19 жастағы Муккадас Насырлаеваны суицидке итермеледі деген айыппен оқу орнының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғады.

Марқұмның ата-анасының адвокатының сөздерінше, Муккадас өзі оқитын университет басшылары Украинада тұрақты тұруға анықтама беруден бас тартқан соң, Киев көпірінен секіріп кеткен. Адвокат шетелдік студенттермен жұмыс істейтін деканат Мукаддастың құжаттарын миграциялық қызметке уақытында өткізбеген.

Прокуратура студенттің 30 қаңтарда Киевтегі Патон көпірінен секіріп өлгенін растады.

Мукаддастың таныстары оның жоғары оқу орнына 2017 жылы түскенін, 7-сыныптан бастап тіс дәрігері болуды армандағанын айтады. Ол әрі ағылшын тілі тобында оқып, топбасы болған екен. Құрбыларының айтуынша, Мукаддас пен шетелдік студенттермен жұмыс істейтін деканның орынбасары Татьяна Тимохина арасында келіспеушілік туындаған.

"Мукаддастың ата-анасы Украинада виза алуда қиындық болып жатқанын білді. Олар қызына елге оралып, бір жыл академиялық демалыс алып, оқуыңды жалғастырарсың деп кеңес берген. Түркіменстанның Украинадағы елшілігі болса, Мукаддасты елден шығармай, мәселені шешуді ұсынған. Бірақ деканат ешнәрсе істегісі келмеді ", – дейді марқұмның танысы.

Университет Муккадас Насырлаевамен миграциялық проблеманың болғанын растады. Оның визасы былтыр 17 желтоқсанда аяқталған екен. Сол үшін ол оқудан шығарылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379