Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5630 161 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 09:31

Тоқмәди ісі әлі жалғасып жатыр

Таразда БТА Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасуда. Бүгiн куәгерлерден жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Сот отырысында Мұратхан Тоқмәдидiң iнiсi Бекен Иманқалиевтен жауап алынды. Ол Тоқмәдидiң 2000 жылдардың басында «Депутаттық корпус» ұйымдасқан қылмыстық тобын басқарғанын айтты. Иманқалиев 2002-2007 жылдар аралығында Мұратхан Тоқмәдидiң үйiнде тұрып, әртүрлi жұмыс атқарған.

«2000 жылдары Мұратхан Тоқмәди аңға шыққанды ұнататын. Оны барлығы танитын, құрметтейтiн. Ол «Депутаттық корпус» көшбасшысы болатын, сол топты басқаратын. Оның өз жiгiттерi, өз спортшылары болатын. Олар Тоқмәдидiң үйiнде жиi жиналалып, төбелестерге шығатын. Бiреулердi қорғап, бiреулерден қарызын ұрып-соғып алатын. Мен өзiм бұған қатысқан жоқпын. Бiрақ, Тоқмәдимен бiрге болғандар солай айтатын. Бiр жерде жекпе-жек боларда, олар көлiкпен келiп оны күтетiн. Олардың броньдалған «Мерседес» көлiгi болған. Барлығы сол көлiкпен шығатын», - дедi Иманқалиев.

Бекен Иманқалиев Мұратхан Тоқмәдидiң үйiнде 2007 жылға дейiн жұмыс iстегенiн айтты. Одан кейiн туыстар арасында ақшаға байланысты кикiлжiң туындағаннан кейiн жұмысын тоқтатқан екен. Дегенмен, куәгер Тоқмәдимен бұрынғыдай болмаса да, ара-тұра араласып тұрғанын жеткiздi. Иманқалиев Тоқмәди мен Мұхтар Әбләзовті бiр рет бiрге көргенiн айтты.

«Мұхтар Әбләзовке келетiн болсақ... Қателеспесем, олар 2003 жылы күзде сквер не саябақта кездестi. Сол кезде мен Әбләзовті тiрiдей бiр-ақ рет көрген едiм. Одан кейiн оны тек теледидар арқылы көрдiм», - дедi Бекен Иманқалиев.

Атап өтсек, Таразда Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр. Осылайша, 14 жыл бұрынғы қылмыс қайта тексерiлуде. Ал, 11 жыл бұрын бизнесмен Тоқмәди дәл осы қылмысы үшiн жазадан сытылып кеткен болатын. Сол кезде қылмыс абайсызда жасалды деп бекiтiлген едi. Ал жуырда Жамбыл облыстық сотында Тоқмәдиден жауап алынып, ол БТА банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады. Сондай-ақ, Мұратхан Тоқмәди банкирдi өлтiруге Мұхтар Әбләзов тапсырыс бергенiн айтты. Осылайша, Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн БТА банкiн басқарған. Осы қылмысын Тоқмәди 2017 жылғы қазанда КТК арнасынан көрсетiлген фильмде де мойындаған болатын.

Abai.kz

161 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341