Сенбі, 23 Қараша 2024
3554 2 пікір 22 Ақпан, 2018 сағат 09:45

Өзбекстанда діни мекемелерден арнайы қызметтің "кураторларын" босатып жатыр

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының (ӨМДБ) төраға орынбасары Айдарбек Тулепов қызметінен алынды. Мекеменің мәліметіне қарағанда, Тулепов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің кураторы (бақылаушы) міндетін атқарған.

Кейбір дереккөзге қарағанда, Айдарбек Тулепов өз еркімен жұмыстан кету жөнінде арыз жазған. Ол 2006 жылдан бері Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары міндетін атқарып келген.

​ӨМДБ-ның аты-жөнін жасырған қызметкері Айдарбек Тулепов діни басқармада арнайы қызметтің өкілі болғанын айтады.

«Қазір Ұлттық қауіпсіздік қызметінде қайта құрылымдау жүріп жатыр. Сол үшін ҰҚҚ өкілдері әртүрлі ұйымдарда қызметтерін уақытша тоқтатты. Тулепов денсаулығына байланысты деп арыз жазған. Бірақ қазір оның орнына арнайы қызметтен басқа адам келеді ме, жоқ па, бұл басқа мәселе. Бәрі әзірленіп жатқан жаңа заңға байланысты болмақ», – дейді сұқбат беруші.

Ташкент журналистерінің бірі соңғы кезде мешіттерден ҰҚҚ өкілдерінің көрінбейтінін айтады. «Біз соңғы кезде жұма намазға барған кезде, «үш әріптің адамдары» (ҰҚҚ кураторлары дегенді білдіреді — Ред.) расында болмады. Мешітке жиі баратын адамдар оларды өте жақсы біледі», – деді журналист.

Ташкент мешіттері бірінің наиб-имамы прокуратура қызметкерлері қазіргі таңда «ҰҚҚ тыңшыларын» анықтаумен айналысып жатыр дейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343