Жұма, 29 Наурыз 2024
4454 2 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:37

Өзбекстанда бір үйір есекті бауыздамақ болған топ ұсталды

Өзбекстанның Наманган облысындағы Соку ауылында жиырма есекті бауыздамақ болған бір топ адам ұсталды. Есектердің ақырғанын естіген тұрғындар милиция шақыртқан.

Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, бір топ адам есектерді ауыл шетіндегі фермада бауыздамақ болған.

"Біздің ауылда ешкім есек ұстамайды. Түнде Әділбай фермасынан ақырған есектердің даусын естіген халық учаске инспекторына телефон соққан. Олар фермаға келгенше, үш есектің терісін сыпырып үлгерген", - деді ауыл тұрғыны.

Аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері болған оқиғаны растады.

"Келесі күні мені сол ауылға шақыртып алды. Есектерді бауыздағандарды милиция бөліміне алып барыпты. Олар Бирлашган ауылының тұрғындары екен. Бұл топ бұған дейін де есектерді бауыздаумен айналысқан көрінеді", - деді ол.

Кәсіпкер Әділбай Назаров фермасын танысына бергенін мойындады. "Менің фермам бос тұр. Таныс кәсіпкер онда есек ұстай тұруын сұраған. Мен қарсы болмадым. Біраз уақыттан соң мені милиция шақыртты. Бұлай болатынын білмегенімді айттым", - деп ақталды Назаров.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3543