Сенбі, 23 Қараша 2024
4285 0 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 09:16

19 жыл түрмеде отырған өзбек журналисі Юсуф Рузимуродов бостандыққа шықты

54 жастағы «Эрк» оппозициялық партияның белсендісі және журналист Юсуф Рузимуродов Шыршық қаласындағы 64/6 абақтысынан босатылған. Оның босату туралы шешімді 22 ақпанда Ташкент облыстық Бостанлык аудандық қылмыстық істер бойынша сот шығарған. Бірақ бұл ақпарат енді ғана жарияланып отыр.

"1999 жылы сотталған журналист мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шықты. Туыстарының айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді", - деп хабарлады құқық қорғаушы Исмаил Адилов.

Құқық қорғаушының айтуынша, Юсуф Рузимуродов қазір Қашқадария облысындағы Жейнов ауылындағы өзінің үйінде.

Юсуф Розимуродов Өзбекстанның "Эрк" демократиялық партиясының белсенді мүшесі болған және осы аттас партия басылымына мақалалар жазып тұрған. 1999 жылы ақпанда Ташкентте болған жарылыстарды сол кездегі президент Ислам Каримовтің "өміріне жасалған қастандық" деп бағалаған Өзбекстан құқық органдары оппозиция белсенділерін де қудалай бастағаннан кейін Украинаға кетіп қалған Розимуродов сол елден баспана алмақшы болған. Бірақ Киев оны Ташкенттің сұрауы бойынша Өзбекстанға экстрадициялаған.

1999 жылы 18 тамызда сот оны "Өзбекстан президентіне қастандық жасау", "Конституциялық құрылысқа қастандық жасау", "Тыйым салынған қоғамдық және діни ұйымдарға мүше болу" және "Қылмыстық қауым ұйымдастыру" айыптары бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Кейін түрмеде оның қамау мерзімін тағы да ұзартқан.

Құқық қорғаушылар Юсуф Розимуродовтың түрмеде азапталғанын айтып, Өзбекстан билігінен оны босатуды талап еткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335