Бейсенбі, 1 Қазан 2026
4425 1 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:37

Өзбекстанда бұрынғы түрме қараушысы ұсталды

Ташкентте 9 наурызда Өзбекстан ІІМ Бас жазалауды орындау басқармасының бұрынғы басшысы, милиция полковнигі Абдукарим Шодиев ұсталды.

Бұл туралы 12 наурызда Озодлик радиосына Өзбекстан тәуелсіз құқыққорғаушылар бастамашыл тобының жетекшісі Сурат Икрамов хабарлады.

56 жастағы Шодиевке "билікті асыра пайдалану" және "кінәсізді жауапқа тарту" қылмыстары бойынша айып тағылған.

Шодиев 1999-2018 жылдар аралығында Бас жазалауды орындау басқармасын басқарды. Ұсталар алдын Өзбекстан ІІМ академиясында ұстаз болып істеген.

2003 жылы БҰҰ-ның азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Тео ван Бовен Өзбекстанда азаптау жүйелі түрде жүргізіліп келеді деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 166
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 133
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 132