Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3679 0 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 09:34

Тәжікстан тұрғындары жемқорлық үшін жазаны күшейту керек деп есептейді

Тәжікстанның қаржылық бақылау және коррупцияға қарсы күрес агенттігі елде жемқорлықпен қалай күресуге болады деген сауалға байланысты әлеуметтік зерттеудің нәтижесін жариялады.

Әлеуметтік зерттеу былтыр «Тәжікстанда 2013-2020 жылдарға арналған коррупциямен күресудің стратегиясы» бағдарламасы аясында жүргізілген. Сауалнамаға 90 мың адам қатысқан. Олардың ішінде шенеуніктер, кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар да болған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, тәжікстандықтар егер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмір сүру деңгейін көтерсе, жемқорлық азаяды деп есептейді екен. Сонымен бірге пара алушыларға қатысты жазаны күшейтіп, оларды халық алдында соттау керек деп ұсынған.

Жемқорлықпен күрес агенттігі елде 500-ге жуық шенеунік қызметтерінде 5 жылдан 15 жылға дейін тапжылмай отырғанын айтады. Жоғары лауазымды тұлғалар жемқорлыққа жол бермеу үшін, қызметінде бес жылдан артық отырмау керек деп есептейді баяндама авторлары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2059
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4120