Ауғанстанда ИМ-нің 35 содырының көзі жойылған, олардың жетеуі Өзбекстан азаматы
Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Жаузджан аймағындағы әуе соққысынан "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының 35 содыры қаза тапқан.
Ауғандық БАҚ «Шохин» ұлттық армиясының 209-корпусына сілтеме жасап, 13 содыр тұтқынға алынған деп хабарлайды.
Онда қаза тапқандардың жетеуі Өзбекстан азаматы деп көрсетілген.
209-корпустың баспасөз қызметі содырларға қарсы Жаузджан уәлаятында сенбі күні таңертең төрт рет әуе соққысы жасалғаны туралы ақпарат таратты.
Abai.kz