Сенбі, 10 Қазан 2026
4876 0 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 09:40

Сирия президенті Башар Асад Шығыс Ғутадағы әскеріне барған

Сирия мемлекеттік телеарнасы ел президенті Башар Асадтың Шығыс Ғутаға барғанын хабарлап жатыр. 18 наурызда Асад өзінің қарамағындағы әскермен кездескен.

Мемлекеттік телеарнада және Асадтың Telegram мессенджерінде таратылған суретте Сирия лидерінің әскери киімдегі бір топ адамның ортасында тұрғанын көруге болады. Әскерилердің кейбірі танкте отыр. Telegram таратқан суретте "Президент Асад Шығыс Ғутада соғыс ортасында Сирия араб армиясымен бірге" деген жазу бар.

Соңғы аптада Сирия үкіметінің әскері 2012 жылдан бері оппозиция бақылайтын Шығыс Ғутада ірі соғыс операциясын жалғастырып жатыр. Адам құқықтарын бақылау жөніндегі сириялық мониторинг орталығының мәліметі бойынша, Асад әскері аумақтың 80 пайызын қайтарып алған.

Батыс елдері мен БҰҰ Сирия мен Ресейді соғысты тоқтатуға шақырды. БҰҰ бас хатшысы Антони Гуттериш бұл әрекетті "жерде тозақ орнатты" деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 925
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1242