Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
6396 0 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 09:09

Құсмұрын түрмесінде төрт тұтқын қайтыс болған

Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі колонияда сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан төрт азамат уланып қайтыс болып, тағы төртеуі зардап шеккен деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта төтенше оқиғаның наурыздың 20-сы УК-161/4 орташа қауіпсіз мекемесінде тіркелгені айтылған.

"Сотталғандардың бір тобы кешкі мезгілде колонияның өндірістік аймағында орналасқан жұмыс орнында құрамында спирт бар химиялық зат (646-еріткіш) тұтынып, қатты уланып қалған", - делінген ақпаратта.

Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілген сегіз адамның төртеуі қайтыс болған. Реанимация бөліміне жатқызылған тағы төрт адамның біреуін дәрігерлер наурыздың 23-і күні арнайы палатаға ауыстырған.

Әулиекөл аудандық полициясы бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті сотталғандарды ұстауға арналған колониядағы төтенше оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқаны туралы хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1188
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101