Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2496 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 12:38

Дихан Қамзабекұлы: «Смағұл Сәдуақасұлы мәйітінің күлі қашан жерленетіні белгісіз»

Бүгін - қасиетті жұма күні Алаш қайраткерлерінің аруағы бір аунап түскен шығар. Өйткені, Алаштың азаттығы жолында қыршын жасында қиылып түскен ұлт қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі туған топырағына жетті. Таңмен таласа Астанаға жеткен ұшақпен әкелінген мәйіт күлін елордадағы игі-жақсылар, жастар, депутаттар, ел-жұрт күтіп алды.

Осынау тарихи істің басы-қасында жүрген алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлымен аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.

- Аға, Мәскеуге қалай барып қайттыңыздар? Ол жақта қандай іс-шаралар жасалды?

- Мәскеуде жақсы шаралар өтті. Біріншіден, диаспера өкілдері, елшіліктің қызметкерлері, ғалымдар қарсы алды. Олар бізбен бірге Дон зиратханасына барды. Смағұлдың сүйегінің күлін сол күні Мәскеу үкіметінің шешіміне сәйкес алдық. Мәйіт күлі тұрған жерге тақтайша орнаттық. Тақтайшада: «Бұл жерде 1933-2011-нші жылдар аралығында Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі тұрды. Астана қаласында жерленді» деп жазылған. Тақтайшаны қойған мақсатымыз - әрі қарай тарихы не болды деп, ертең біреулер іздеуі мүмкін ғой.

Содан кейін барып, сүйектің күлін алдық. Құран оқылды. Сол жерде үш бауырластар қорымы бар. Соның бірінде қазақ зиялыларынан Әлихан Бөкейханов, Нығмет Нұрмақов жатыр. Ол өзі бір шағын ғана алаң соған бәрін жерлей берген. Күлін жерледі ме, сүйегін жерледі ме ол жағын айта алмаймын. Ол жерде де құран оқылды. Мұнда корейлер, қытайлар, румындар, поляктар өздерінің ескерткішін қойған екен. Бізде сол жерге бір ескерткіш қою керек деген ойға келдік.

Сүйектің күлін алып келген соң, Ресейдегі елшілікте ас берілді. Содан ұшақпен шығып, таңда Астанаға келдік.

Астанада зиялы қауым, Астананың тұрғындары, жастар, ақындар, жазушылар қарсы алды.

Мәйітті алып келу өте жақсы мемлекеттік рәсімде өтті. Сүйектің күлі тұрған қораптың үстінен мемлекеттік ту жабылды. Арнай нәрсемен көтеріп алып келіп, шағын митинг өтті. Бірнеше азамат сөйледі. Содан соң арнайы машиналардың колоннасымен мәйіттің күлін «Қазақ елі» монументінің жанымен, Тәуелсіздік даңғылымен алып өттік. Сөйтіп, бір орынға аманаттап, сөрелеп қойдық. Енді жерлейтін орны анықталған кезде бәрі де өз жүйесімен болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасын тыңдадық. Алаш азаматтарының, репрессия құрбандарының рухына құран бағышталды.

- Смағұл Сәдуақасұлының мәйтінің күлі шамамен қай жерге жерленбекші, қандай мәселелер қаралып жатыр?

- Астананың ғалымдары мен зиялыларының тарапынан екі ұсыныс болған. Біріншісі - қаладағы «Жастар» ауданында ескі зират бар. 1962 жылы жабылған. Сол зиратта орындар бар. Себебі, онда Кенесары сарбаздары, репрессия құрбандары жатыр. Екіншісі - қаладан жиырма шақырым жерде Қабанбай батырдың зираты деген биік жер бар. Бірнеше жылдан бері бұл жерде ұлттық қабірстан соғу туралы әңгіме болып жүр. Осындай екі жер айтылып отыр. Оны енді қаланың басшылығы, жауапты азаматтар шешеді деп ойлаймын. Қалай дегенменде, ол - мұсылманша жерленіп, үлкен шарамен атқарылатыны рас. Жалпы, бұған байланысты елбасының мәдениет министрлігіне және басқада тиісті орындарға берген арнайы тапсырмасы бар. Олардың осындай істерді 31-нші мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырсақ деген ойлары бар екен. Оған дейін бола ма, одан кейін бола ма оны нақты, кесіп-пішіп айта алмаймын. Бірақ бүгін жиналған зиялылардың Смағұлдың мәйітінің күлін кешіктірмей тиісті жерге жерлеу жөнінде пікірлері бір жерден шықты.

Тағы бір айта кететін жайт. Смағұлдың туған жері солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы. Ақжар ауданының бір топ ақсақалдары халықтың тұлғасы Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін Астанаға жерлеу туралы Елбасына, Астана қаласының әкіміне өтініш жазған. Ол да ескерілер деп ойлаймын. Әрі қарай іс өзінің жүйесімен орындалады ғой деген үмітіміз бар.

- Осындай үлкен тарихи оқиғаны іске асырған және соның басы-қасында жүрген азаматтар туралы бірер ауыз сөз айтпасақ болмас.

- Жалпы бұл мәселеде атсалысқан адамдар өте көп. Ғалымдардан айтатын болсақ, Смағұлды алғаш зерттеуді қолға алған Бейбіт Қойшыбаев, марқұм Батырхан Дәрімбет, Мәмбет Қойгелдиев, Тұрсын Жұртбай, біз бармыз, басқа да ғалымдар бар. Мәйіттің күлін алып келу шарасында Сабыр Қасымовтың еңбегі зор. Сол азаматтың Мәскеу үкіметі басшылығындағы таныстығы осындай үлкен мәселені оңтайлы шешуге ықпал етті.

Және Берік Әбдіғали мырзаның да ынта-ықыласы болды. Ол кісі Сабыр Қасымовқа айтып, Сабыр мырза осы істі шешті. Жалпы, сол заманға әділ баға беріп, Алаш қайраткерлерінің ісін қазіргі кезде жалғастыру мәселесін көтеріп жүрген азаматтардың қатарында Берік Әбдіғали да бар.

- Рахмет аға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435