Жұма, 22 Қараша 2024
3316 0 пікір 27 Наурыз, 2018 сағат 08:35

Түркіменстан билігі шетелде жұмыс істейтін қыздарды елге қайтаруға талпынып жатыр

Түркіменстанның Лебап облысындағы бірқатар аудандарда 6 наурызда жергілікті билік арнайы жиналыс ұйымдастырып, түркімен мигрант қыздарын елге қайтару мәселесін көтерген.

Хабарларға қарағанда, Түркияға кетіп, үш жылдан астам уақыт елге оралмаған қыздардың туысқандарына қауіпсіздік органдары арқылы қысым көрсетілуі мүмкін.

Лебап уәлаятына қарасты Чарджоу этрапының тұрғыны Азатлык радиосына болған жайды баяндап берді.

"Жергілікті билік Түркияда жұмыс істейтін қыздарымыздың елге қайтқанын талап етті. Олар елге оралмаса, әкімшілік жауапқа тартылады деп қорқытты. Біз ғана емес, таныстарымызға да осылай деген", - деді жергілікті тұрғын.

Оның айтуынша, тұрғындар мұндай талаптың себебін сұрағанымен, билік ешқандай түсініктеме бермеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322