Сенбі, 23 Қараша 2024
3552 0 пікір 27 Наурыз, 2018 сағат 08:36

"Уральские авиалиний" әуе компаниясының 300-ден астам жолаушысы Тәжікстанға ұша алмады

Ресейдегі "Уральские авиалиний" әуе компаниясының 300-ден астам жолаушысы 26 наурызда Екатеринбург әуежайынан Тәжікстанға ұша алмады.

Екатеринбург- Худжанд және Екатеринбург- Душанбе рейстерінің жолаушылары ұшатын уақытты 13 сағат бойы босқа күткен. Хабарларға қарағанда, Тәжікстан билігі "Уральские авиалинии" әуе компаниясына бұл бағыттарға ұшуына рұқсат бермеген.

Екатеринбург- Душанбе және Екатеринбург-Худжанд рейстері 27 наурызға қалдырылды, деп хабарлады компанияның баспасөз хатшысы Марина Карпенко. Оның айтуынша, жолаушылардың барлығы қонақ үйлерге орналастырылып, үш мезгіл тамақ беріледі.

Ресей мен Тәжікстан әуе биліктері тағы да жанжалдасып жатыр. Ресейдің көлік министрлігі 13 наурызда тәжік тасымалдаушысына шектеу қоюы мүмкін екендігін ескерткен. Душанбе болса "Уральске авиалинии" әуе компаниясының Тәжікстан қалаларына рейстеріне рұқсат бермей қойған.

Ресей көлік министрлігі Мәскеу 22-23 наурызда келіссөздер өткізуге дайын екендігін, оған дейін ұшуға рұқсат беруін сұраған. Бірақ Тәжікстан билігі "Уральские авиалинии" әуе компаниясының бұл бағыттарға ұшуға рұқсаты жоқ деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339