Жұма, 22 Қараша 2024
3894 0 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 09:43

Қырғызстан әскерінде миллиондаған сом ұрланғаны анықталды

Қырғызстанның бас прокуратурасы әскер қажеттіліне жұмсалған қаражаттың талан-таражға салынғанын анықтады.

Бас прокуратура дерегіне сәйкес, 2015 жылы Қорғаныс министрлігінің есебіне 70 миллион сом әскери нысандарының бірін жөндеуге, яғни елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген. Бірақ министрлік пен оның бөлімшелеріндегі шенеуніктер, сонымен бірге "Аскер Курулуш" мемлекеттік кәсіпорыны бюджет қаражатының жұмсалу мақсатын өзгерткен. 37 млн сом белгіленген әскери нысандарға қатысы жоқ құрылыс-монтаж жұмыстарына және тауар алуға жұмсалған.

Бұған қоса, 9 млн сом құрылыс жұмыстары мен материалдар құнын әдейі өсіріп көрсету арқылы ұрланған.

"Бұл үш жыл бұрын болған, бірақ оның жай-жапсары енді ғана белгілі болды. Тергеу жүріп жатыр, соның қорытындысы бойынша кінәлілер жазаланады", - деді әскери прокурор Нуркамал Набиев.

Әскери прокуратура қылмысқа қатысы барлардың есімдерін атаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264