Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
3734 0 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 09:49

Астана соты орамалды оқушылардың ата-аналарының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы 27 наурызда орамалды оқушы қыздардың ата-аналарының ондаған арызын қанағаттандырмады. Оқушылар өткен жылдың қыркүйегінен бері орамалмен мектепке кіре алмай келеді.

Апелляциялық шағымда заңгер білім және ғылым министрінің жарлығындағы 13-тармақты Конституцияға қайша деп тануды сұраған. 13-тармақ "діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға" тыйым салуды қарастырады.

Астана сотының апелляциялық алқасы өтініштің қабылданбау себебін түсіндірмеді. Ата-аналардың мүддесін сотта қорғаушы заңгер Миржан Ғабдуллин Қазақстанның Жоғарғы сотына шағымдануды, одан нәтиже шықпаса, онда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетке жүгінуді көздеп отыр.

"Менің Қазақстанда баламды тегін оқытуға құқығым бар, бірақ мен қашықтан оқытатын ресейлік мектеп бағдарламасын таңдадым. Мен, ата-ана ретінде, балаға білім беруім керек. Басқа мектеп формасы жоқ, ал Ресейге немесе басқа жаққа көшуге мүмкіндік жоқ", - деді Ғабдуллин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2946
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3295