Кемеровода өрт құрбандарын жерлеу рәсімдері өтіп жатыр
Ресейде 28 наурыз күні Кемероводағы сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Бүгін өрт құрбандарының алды жерлене бастайды.
Бұның алдында құтқарушылар өртенген орында іздестіру жұмыстарын аяқтады. Өртенген ғимараттан 64 мүрде табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Владлен Аксёнов. Бұған қоса ол қазіргі таңда із-түссіз жоғалғандар жоқ екенін мәлімдеген.
Тергеу комитеті өкілінің хабарлауынша, өрт кезінде 67 адам жоғалғаны туралы туыстарынан арыз түскен. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың тізімі генетикалық сараптама нәтижесі шықпайынша жарияланбайды. Өртің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
27 наурызда Ресейдің ондаған қаласында өрт құрбандарын аза тұту митингтері өтті. Сейсенбі күні Кемероводағы әкімдік ғимараты алдына жүздеген адам жиналып, губернатордың кетіп талап етті. Аман Төлеевтің өзі халық алдына шыққан жоқ. Президент Владимир Путин де митингке келмеді.
Бүгін Ресей Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр.
Abai.kz