Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2306 0 пікір 24 Қаңтар, 2011 сағат 05:18

Мейрамхат Айнабеков: «Қазандықтарға қажетті қаражат бөлінбей қалды»

21 қаңтар күні Үкіметтің пәрменімен Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков қызметінен кетіп оның орнына  Айбек Кәрімов тағайындалды. Еңбек жолын мал дәрігері болып бастаған Айбек Кәрімовті әкімшілік орынтағына Бердібек Сапарбаевтың өзі әкеліп отырғызды. Ал, Айнабеков қызметінен өзі өтініш беріп босаған көрінеді. Осылайда осылай деп бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәлімет берген Бердібек Мәшбекұлы (ШҚО әкімі) өтініш беріп қызметінен кеткен Семей қаласының бұрынғы әкімін өзіне кеңесші етіп ала қойды. Сапарбаев пен Айнабековтың не жөнінде кеңесіп іс қылатыны әзірге белгісіз. Белгісіз болатыны, қаңтардың сақылдаған сары аязы қысқан кезде Семей қаласындағы қазандықтардың жылу бере алмауының басты себебі  осы екі тұлғаның арасындағы алауыздықтан шыққан көрінеді.

21 қаңтар күні Үкіметтің пәрменімен Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков қызметінен кетіп оның орнына  Айбек Кәрімов тағайындалды. Еңбек жолын мал дәрігері болып бастаған Айбек Кәрімовті әкімшілік орынтағына Бердібек Сапарбаевтың өзі әкеліп отырғызды. Ал, Айнабеков қызметінен өзі өтініш беріп босаған көрінеді. Осылайда осылай деп бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәлімет берген Бердібек Мәшбекұлы (ШҚО әкімі) өтініш беріп қызметінен кеткен Семей қаласының бұрынғы әкімін өзіне кеңесші етіп ала қойды. Сапарбаев пен Айнабековтың не жөнінде кеңесіп іс қылатыны әзірге белгісіз. Белгісіз болатыны, қаңтардың сақылдаған сары аязы қысқан кезде Семей қаласындағы қазандықтардың жылу бере алмауының басты себебі  осы екі тұлғаның арасындағы алауыздықтан шыққан көрінеді.

Тағы бір себеп, Ерлан Сыдықов деген кісі референдумдатып жатқанда  Семейдегі жылу жүйелерінің істен шыққанын естіп шошыған Үкімет басшысы Мәсімов бәріне  біреуді кінәлі етіп көрсетіп, оны қызметінен алып тастау ойнын ұйымдастырып, Мейрамхат Айнабековті құрбандыққа шалып жібергенге ұқсайды. Шындығында, республикадағы қалалардың қысқа дайындығы күздің басында үкіметте әңгіме болған, төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың өзі Семейдің жағдайы мүшкіл екенін Мәсімовке мәлімдеген еді. Қысқасы еліміздің Шығыс өңірінде шым-шытырық жайттар көбейіп тұр. Біз мәселенің мән-жайын білмек болып Мейрамхат Айнабековты сөзге тартқанды жөн көрдік.

 

- Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев екеуіңіздің араңызда әрқандай жайттарға байланысты  келіспеушіліктер болып тұрады деп естуші едік?  Ол нендей келіспеушіліктер?

- Оны дәл қазір бірдеме деп айтып жатпаймын. Менікі дұрыс болмайды.

- Бұл арада қалай өзі,  Оңтүстік пен Шығыстың көзқарасы келіспей жатыр ма?

- Әкетіп бара жатқан келіспеушілік жоқ. Семейдің жағдайы туралы барды бар, жоқты жоқ деп айтатыным рас. Әкім болғаннан кейін осы жердің жоғын жоқтау үшін отырмын ғой. Егер айтпасам, халық ертең неге айтпайсың, неге сұрамайсың деп шығады ғой.

- Дәл осы келіспеушіліктердің кесірінен бюджеттен қысып, қаражаттың жетіспеушілігінен жылу жүйелері қатып жатыр деген әңгіме бар. Оған қалай қарайсыз?

-          Қаланың жылу жүйелері 1934-нші жылы салынған. Маған дейінде бұл мәселе өзекті болып келген. Мен келген 2004-нші жылдан бері жылу жүйелері жаңартылып, жөнделді. Қалада 46-ы жылу қазандығы болса, соны бір есеге яғни 22-ге түсірдік. Соның 21-і істеп тұр да, біреуінде жаңағындай апат болды. Ол енді 1934-нші жылы салынған қазандық. Оған ақша сұрамай жүрген жоқпыз. Сұрап жүрміз. Тозығы жеткен жылыту қазандығымен жұмыс істей алмады десе, білмеймін енді... Онда көшеде екі автобус соқтығысып қалса да, дәрігер дұрыс операция жасамаса да әкім кінәлі болуы керек. Жұрт солай түсінеді.

- Өз басыңыз мұны әділетсіздік деп бағалайсыз ба?

- Мен енді қазір оны бәлен деп бағалай алмаспын. Мемлекеттік қызметтің этикасы бар. Ал енді комиссия, жоғарғы жақ бәрібір деп бағаласа, мен одан артық баға бере алмаймын.

- Өз сөзіңізде «халық үшін жұмыс істеп жүрмін», деп айтып қалдыңыз ғой. Енді осындай әділетсіздіктен кейін мемлекеттік қызметте қала бересіз бе, қалай ойлайсыз?

- Дәл қазір бір нәрсе деп айтқым келмейді. Қазір өзі апақ-сапақ уақыт қой. Ойлану керек. Демалысымды алдым.

- Ал енді қазандықтардың қатып қалуына ең басты кінәлі адам кім? Немесе мекеме?

- Мұнда адам факторы, кінәлі адам жоқ.

- Демек, төтенше жағдайдың орын алуына қаржы тапшылығы себеп болып отыр ғой?

- Иә, қаржы тапшылығынан. Себебі, онда жеті жылыту қазандығы тұр. Бір қазанды жасату үшін кемінде 150 миллион теңге ақша керек. Жеті бірдей  қазандықты жасап шығуды қаланың бюджетті көтермейді.

- Ал, облыстан қаражаттан бөлінбеді ме?

- Республикадан бөлінеді деген бөлінбей қалды ғой.

- Бердібек Сапарбаевқа мемлекеттік қызметкер, азамат ретінді көзқарасыңыз қалай?

- Елдің ішінде жанталасып жұмыс істеп жүреді. Ол кісі туралы басқа не айта аламын. Бастығымды жамандап жатсам, ол менің азаматтығыма сын. Ондайды мен құптамаймын. Айтатынымды жұмыс бабында айтып жүрдім. Ал, енді жұмыстан кетіп біреуді жамандап, оған баға беруден аулақпын.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439